«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Нұр-Сұлтанда жұмысшы мамандар тапшы

2021 жылғы 10 Маусым
- Астана қаласы
7443 просмотров

Елордада құрылыс саласының қызметкерлері мен инженерлік-техникалық мамандар тапшы.

Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы алдағы үш жылға астанадағы мамандарға қажеттілікке талдау жүргізді. Зерттеу нәтижесінде 2021-2023 жылдары құрылыс саласы мен инженерлік-техникалық мамандарға сұраныс артатыны анықталды.

«Біз қала бойынша қарамағында  97 670 қызметкері бар 3 347 компанияға ғана сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға сәйкес 2021 жылы мамандарға қажеттілік 8 338 адамды құрайтыны белгілі болды, 2022 жылы 2 473 бос орын, 2023 жылы 2 215 бос орын ашылады. Елордалық компанияларға 277 мамандық бойынша жұмыскерлерге мұқтаж. Ең алдымен, құрылыс секторы мен инженерлік-техникалық мамандықтардың қызметкерлері үлкен сұраныста. Сондай-ақ, денсаулық сақтау және білім беру саласының мамандары да аса қажет», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов.

 Елордада өңдеу өнеркәсібі, әкімшіліктендіру және қосалқы қызмет көрсету, электр және энергияны үнемдеу, кәсіби және ғылыми қызмет, ІТ саласында жұмыс табуға болады. Нұр-Сұлтан қаласында сұранысқа ие 20 мамандық бойынша тізімді сумен жабдықтау және қоқыстарды жою, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен операциялар саласынадғы мамандар аяқтап тұр.

Жұмысқа қабылдарда жұмыс берушілер мамандарға кәсіби білік, стрестік жағдайларға төзімділік, тіл табыса алу, сонымен қатар креативтілік сынды талаптарды қояды. Осы ретте көптеген компания адамдарды жұмысқа кәсіби тәжірибесіз де қабылдауға әзір.

 «Сауалнама нәтижесі Нұр-Сұлтан қаласында құрылыс саласы мамандарына үлкен сұраныс барын көрсетті – осы саланың жұмыс берушілері 2021 жылға көп вакансия жариялаған. Мұндай жайт құрылысшылардың өңірлер мен қалаларда құрылыс нысандарының салуына байланысты, сонымен қатар ірі өнеркәсіптік және салалық нысандар бой көтеріп жатыр. Мамандарға деген сұраныс, нарықтағы ұсыныстар көлемінен асып түскені сонша, жұмыс берушілер тіпті кәсіби білігі төмен адамдарды жұмысқа қабылдап жатыр. Білікті маманды іздеу көп уақыт алады, сонымен қатар жақсы маманды тартуға ресурс керек. Бұл түйткіл көрші жатқан елдермен карантиндік шаралар күшейтіліп, сырттан жұмыс күшін тарту мүмкіндігі болмай қалған соң өршілене түсті, осы мәселе бойынша шетелдік жұмыс күшіне арналған патенттерді енгізу бойынша ұсыныс жасалды», – деп атап өтті Алмат Жүнісов.

Директор бұл мәселе «Атамекен» ҚР ҰКП және мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс тобының қарауында екенін атап өтті.

Сонымен қатар, «КЕНМАРТ», «Small», «MagnumCash&Carry» супермакеттер желісінің кеңеюіне байланысты, «Беркат» консорциумы сынды жұмыс берушілер 300-ден астам орта буын маманына: бақылаушы-кассирлер, сатушы-консультанттар, мерчендайзерлерге қажеттілік барын көрсетті. Қаланың коммуналдық кәсіпорындары мен іске қосылып жатқан Мүлік иелерінің бірлестіктері жұмысшы кадрлар мен инженерлік-техникалық мамандарға қызығушылық танытуда.

 «Осы мәселелерді шешу үшін Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП елорданың білім басқармасына ағымдағы қажеттілікті ескере отырып, құрылыс саласының мамандықтары бойынша 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында орын санын арттыру қажеттілігі туралы ұсыныстар жолдады, сондай-ақ «Маркетинг» мамандығы бойынша және елорданың стратегиялық дамуын ескере отырып, қала колледждерінде қосымша техникалық мамандықтарды ашу бойынша ұсыныс жіберілді», – деді Палата директоры Алмат Жүнісов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер