«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Студенттік жатақхана немесе мектеп салған кәсіпкерлер мемлекеттік тапсырыс алады

2021 жылғы 26 Мамыр
- Астана қаласы
7306 просмотров

Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпкерлерге 8 жылға мемлекеттік тапсырыспен қамтылу мақсатында студенттік жатақханалар мен мектептер салуға ұсынылды.

 Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасында «Қаржы орталығы» АҚ жүзеге асырған білім саласындағы инфрақұрылымдық жобалардың таныстырылымы өтті. Олардың қатарына нысаналы мемлекеттік тапсырысты орналастыру механизмі шеңберінде студенттер жатақханалары мен жеке мектептердің құрылысы мен қайта жаңартылуы жатады.

 Егер кәсіпкер жатақхана немесе мектепті өз қаражатына салатын болса оған бір төсек-орынға 8 жыл бойы кепілдендірілген төлемдер жасалады.

 «Мысал үшін егер сіз 500 орындық жатақхана салсаңыз, мемлекеттік төлемдер бір төсек орынға 122 АЕК-ті (2021 жылы 355 874 теңге) құрайды, нәтижесінде 500 төсек-орынға мемлекет жылына 177,937 млн теңге төлейді. Ал дайын жатақхананы жаңарту жұмыстарына төлемлер 1 төсек-орынға 47 АЕК-ті (137 099 теңге) құрайды», – дейді «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Алпамыс Сатыбалдин.

Тура осындай механизм жеке мектептерді салу және қайта жаңартуға да қарастырылған. Осы жағдайда бір оқушы орынға төлемдер: жаңа құрылыс – 96 АЕК, жаңарту – 47 АЕК-ке тең.

 «Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпкерлер студенттік жатақхана мене мектеп салуға қатыса алады. Біз қазірдің өзінде жобаларға инвесторларды таңдап алдық, бірақ қазіргі уақытта елордада «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары бойынша  қаржыландыру жетіспейді, сондықтан оларды жүзеге асыру шешілмей тұр. «Даму» қоры арқылы қарыз қаражатын субсидиялау және 6%-бен несиелендіру де қазіргі кезде проблемалы болып тұр. Кәсіпкерлер қалаға арналған осындай әлеуметтік маңызы бар жобаларға арналған ставкаларды субсидиялауға бюджеттен бөлінетін қаражаттың алдағы уақытта да жалғасатынын түсінуі керек», – дейді Нұр-Сұлтан  қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алматы Жүнісов,.

Жалпы, 2021 жылдың мамырындағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтандағы 12 білім беру мекемесі 17 156 орындық студенттік жатақханасына мұқтаж. Елордадағы мектептердегі оқушылар орындарының тапшылығы 15 мыңнан асады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер