«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Көпқабатты үйлерде автотұрақ салуға қойылатын талаптар жеңілдейді

29 Сәуір 2021
6129 просмотров

Бизнес-қоғамдастықтың көпқабатты үйлерде паркинг салу бойынша нормаларды өзгертуге қатысты ұсынысы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті жанындағы ғылыми-техникалық кеңес отырысында қолдау тапты.

 «Атамекен» бизнеспен бірге 8 жылдан бері тұрғын үйлердегі автотұрақ орындарын ұсынудың жоғарылатылған стандарттарын және бос орындардың функционалдық мақсатын өзгерту мүмкін еместігін көтеріп келеді, мәселен бос орындардың нысаналы мақсатын өзгертіп, дөңгелек жөндеу немесе көлік жуу орталығын ашуға болмайды.

 Есептеулерге сәйкес уәкілетті органның қолданыстағы нормаларға жоғары талаптар қоюы салдарынан тұрғын үйдің бір шаршы метріне баға орта есеппен 16 мың теңгеге ұлғаяды. Автотұрақ орындарының шамамен 70%-ы  құрылыс аяқталу кезінде сұраныссыз қалуда, ал құрылыс салушылар өтпей қалған орындарды күтіп-ұстауға мәжбүр.

Осы ретте құрылыс салуда қосарлы стандарт қолданып жатқаны байқалады, мысалы мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік секторға автотұрақ орындарсыз құрылыс салуға рұқсат берілген. Елордалық құрылыс салушылар жүргізген талдау салынған автотұрақтардың пропорционалды емес бөлінуін және «сұранысқа қарай ұсыныс» көрсеткішінде теңгерімсіздік барын дәлелдеді.

Мәселе ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен түйткілді кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі комиссияға ұсынылғаннан кейін шешілді. Мемлекеттік органдар, Ұлттық палата және құрылыс бизнесі өкілдерінің қатысуымен автотұрақ проблемалық мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылды.

 «Атамекен» мамандары автотұрақпен қамтамасыз ету нормаларына өзгерістер енгізу бойынша шешім жұмыс тобының барлық мүшесінің үйлесімді жұмысының арқасында қабылданды деп санайды. Бизнестің ұсыныстарын ескере отырып, түзетулер енгізу туралы тиісті бұйрық мамыр айының соңына дейін қабылданады деп күтілуде.

 

 

 

 


Серіктестер