«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордада «Ashyq» жобасына қатысушы нысандар демалыс күндері жұмыс істей алады

2021 жылғы 30 Наурыз
- Астана қаласы
3778 просмотров

Нұр-Сұлтанда «Ashyq» пилоттық жобаға қатысып жатқан кәсіпкерлік субъектілері демалыс күндері де жұмыс істей алады, өйткені оларға «сары аймақ» критерийлері қолданылады

 2021 жылдың 30 наурызынан бастап Нұр-Сұлтан қаласында қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу және карантиндік шаралар күшейтілді, өйткені өңір ұзақ уақыт бойы «қызыл аймақта» тұр. Шағын және орта бизнестің бірқатар нысандарының қызметі уақыт жағынан шектелді, сонымен қатар демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынды.

 «Алайда «Ashyq» пилоттық жобасының іске асырылуына қатысып жатқан кәсіпкерлік нысандарына «сары аймақтың» критерийлері қолданылады. Демек, бұл нысандар демалыс күндері де жұмыс істей алады, сонымен қатар жұмыс күндері «сары аймаққа» қолданылатын уақыт шектеумен жұмыс істеуге рұқсат», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов.

 Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №12 қаулысы шеңберінде «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру фитнес-лубатра, спа-салондар, сауналар және бассейндер, компьютер клубтары (18 жасқа толмаған жастарға тыйым сақталады) және боулинг клубтарында жалғасып жатыр.

Осы ретте осы нысандар жұмысына қарастырылған бір қатар қатаң шаралар енгізілген:

-фитнес-клубтарға алдын ала жазылу арқылы баруға болады, топтық жаттығуларға тыйым салынған, жұмыс күндері жұмыс кестесі 07:00-ден 22:00-ге дейін, демалыс күндері – тыйым салынған. «Ashyq» жобасына қатысушы нысандар «сары аймақ» талаптарымен жұмыс істей алады;

 -СПА-орталықтар, СПА-салондар жұмыс күндері – 7:00-ден 22:00-ге дейін, демалыс күндері – жұмыс істеуге тыйым салынған. «Ashyq» жобасына қатысушы нысандар «сары аймақ» талаптарымен жұмыс істей алады;

 -сауналар жұмыс күндері – 7:00-ден 22:00-ге дейін, демалыс күндері тыйым салынған. «Ashyq» жобасына қатысушы нысандар «сары аймақ» талаптарымен жұмыс істей алады;

-бассейндер – топтық жаттығуларсыз, жұмыс күндері – 7:00-ден 22:00-ге дейін, демалыс күндері тыйым салынған. «Ashyq» жобасына қатысушы нысандар «сары аймақ» талаптарымен жұмыс істей алады.

«Аталаған қаулыға сәйкес компьютер клубтарының жұмысы «Ashyq» жобасына қатысушы нысандар үшін ғана рұқсат етілген, бұл ретте келушілер толымдығы 50 пайыздан аспауы тиіс, келушілер арасында 1,5 м арақашықтық немесе 1 келушіге 4 шаршы метр сақталуы керек, жұмыс режимі – 12:00-ден 24:00-ге дейін. Нысандарға 18 жасқа толған азаматтардың кіруіне рұқсат. Боулинг жұмысына да «Ashyq» жобасы арқылы рұқсат етіледі, толымдылық 50 пайыздан артық емес, ойын алаңында бір мезгілде 6 адамнан аспайды, жұмыс уақыты – 12:00-ден 24:00-ге дейін. Қандай да бір байқау өткізуге тыйым салынады», – деп атап өтті Нұр-Сұлтан ӨКП директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш.

 Еске салсақ, «Ashyq» мобильді қосымшасы QR-кодын қолдану және ПТР базасымен интгерация арқылы келушінің індетке шалдығу статусын анықтауға көмектеседі.

 Нысанға келуші өз телефонына «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп алуы тиіс, телефон нөмірі арқылы авторизация жасап, ЖСН-ді енгізу керек. Нысанға кіре берісте кіруді тіркеу үшін нысанның QR-кодын сканерлеу керек. Экранда статус көрінеді. Шыға берісте – нысаннан шығуды тіркеу үшін QR-кодты сканерлеу керек.

 Келушінің қолында смартфоны болмаған жағдайда немесе қосымшаны жүктеуде қиындықтар туындаса, нысандағы жауапты қызметкерге қосымшада арнайы рөл беріледі, қызметкер келушінің ЖСН-і арқылы оның нысанға кіруін тіркей алады.

 «Ashyq» мобильді қосымшасы ҚР Цифрлық даму министрлігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысымен  отандық ІТ-компания әзірлеген.

 «Ashyq» пилоттық жобасына қатысу үшін қатысушылар тізіміне тіркелу қажет (жауапты маман – Диана, тел: 87078545049), ары қарай QR-кодты алу нұсқаулығын алып, қала әкімдігінің ресми сайтындағы қатысушылар тізімін күту керек.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер