«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елорданың 30 кәсіпкері Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерер палатасының Өңірлік кеңесіне мүше болды

2020 жылғы 27 Тамыз
- Астана қаласы
10977 просмотров

Бүгін елордада Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңестің жаңа құрамы белгілі болды. Оның құрамына 30 кәсіпкер енді. Дауыс беру vote.atameken.kz сайты базасында, сондай-ақ SMS-дауыс беру арқылы іске асырылды. Осы ретте дауыс беруге сәйкес өңірдің бизнес субъектілері ұйымның БСН-ЖСН нөмірін растау арқылы қатысуға құқылы болды.

 «Өңірлік кеңес Палатаның бақылаушы органы. Іріктеу кезеңіне 106 кандидат қатысты. 7-22 шілде аралығында кандидаттарды тіркеу және құжат қабылдау жүргізілді. Негізгі кезең – дауыс беру – 5-20 тамыз  аралығында өтті. Дауыс беруге Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген 16 178 кәсіпкер қатысты», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы Ирак Елекеев.

 «Өңірлік кеңес құрамына өнеркәсіп, құрылыс, білім беру, денсаулық сақтау, көлік, ІТ, сауда және қызмет көрсету саласының өкілдері енді», – деп хабарлады «Qazaq stone» Қазақстан тас өңдеу саласы одағының төрағасы, комиссия төрағасы Дәурен Ағзымов.

1    СҮЛЕЙМЕНОВ Ерлан Мельсұлы,  «КДЛ «Олимп» ЖШС бас директоры – 1 454 дауыс.   
2    ЕРАЛИЕВ Талғат Файзуллаұлы, «МостПартнерИнвест» ЖШС; «Қазақстан құрылысшылар одағы» ЗТБ, басқарма төрағасы – 1 418 дауыс.
3    КҮЛЕНОВА Лейла Искандерқызы, «Білім сапа академиясы» оқу орталығы» ЖШС директоры, «Қазақстан үздіксіз білі беру қауымдастығы» ЖК және ЗТБ  төрайымы – 954 дауыс.
4    ҚОЖАХМЕТОВ Талғат Тимкенұлы,  «BI-Holding» ЖШС, басқарма төрағасының орынбасары – 755 дауыс.
5    ОМАРОВ Болат Хаиркешұлы, «Granite» ЖШС директоры – 707 дауыс.
6    САҒЫМБАЕВ Абзал Екрамбекұлы, «Global Expert Development Group» ЖШС тең құрылтайшысы – 674 дауыс.
7    ЖАНБАБАЕВ Дабылбек Бектұрғанқлы, «Hermes Expo KZ» ЖШС бас директоры – 615 дауыс.
8    ТӨЛЕУБЕКОВ Дидар Қайырханұлы, «Төлеубеков Д.Қ.» ЖК директоры – 560 дауыс.
9    ИРСАЛИЕВА Сания Қамбарқызы,  «Центр Элит НС» ЖШС директоры – 527 дауыс.
10    ШАРАФУТДИНОВА Альмира Зинатуллақызы, «Центральный дом бухгалтера» ЖШС, жетекші,  «ЦДБ Education» ЖШС – 500 дауыс.   
11    ПУСТОВОЙТЕНКО Виталий Васильевич, «Центр устойчивого развития столицы» ЖШС, директордың орынбасары – 486 дауыс.
12    ӘБЕТОВА Гульвира Серікқызы , «Project Lab» ЖК жетекшісі – 462 дауыс. 
13    БИСЕМБАЕВА Бағила Мүбаракқызы,  «FORTUNATA» ЖШС директоры, «Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, «Кәсіпкер әйелдерді дамыту және қолдаудың қоры» ҚҚ төрайымы – 427 дауыс.
14    КҮНИЯРОВ Аслан Еркінбекқлы, «У-КА Фарм Б.З.» ЖШС, коммерциялық директоры – 381 дауыс.
15    ҚУЖИМОВ Мырзабек Тұрабекұлы,«Қужимов М.Т.» ЖК, жетекшісі, «Высший Торгово-Экономический колледж Казпотребсоюза» директоры – 377 дауыс.
16    СҰЛТАНОВ Дулат Базарқанұлы, «AST Titan» ЖШС, директоры – 377 дауыс.
17    ТАЛИПОВ Шалқарбек Нұрылдаұлы, «Корпорация «Orda Invest» ЖШС директоры – 372 дауыс.
18    ЖАЛКЕЕВ Азат Қанатұлы, «MMS Group» ЖШС директоры – 279 дауыс.
19    ЗӘІДІЛБЕК Ақыл Еркінбекұлы,  «У-КА Фарм» ЖШС директоры – 259  дауыс.
20    ҚҰСПЕКОВ Олжас Хайроллаұлы, «U-Future» ЖШС директоры – 247 дауыс.
21    ТАУКЕН Қайырлы Кеңесбекұлы, «Saianur VIP-Servis» ЖШС директоры – 245 дауыс    
22    ТАСМАҒАНБЕТОВ Ғани Мерғалиұлы, «NOVATOR» инновациялық-техникалық компания» ЖШС атқарушы директоры – 216 дауыс.      
23    ЫБРАЕВ Қанат Сұлтанұлы, «DD21» ЖШС директоры – 210 дауыс.
24    АЮПОВ Аман Біләлұлы, «Фирма «Алкон +» ЖШС директоры – 208 дауыс.  
25    КӨКЕНОВ Қайрат Нұрадинұлы, «AST Service Management» ЖШС директоры  – 202 дауыс.    
26    ӘЖИКЕНОВА Мадина Берікболқызы,  «Бобек Медина» ЖШС директоры – 194 дауыс.

27. ӘБІШЕВ Қайролла Зекенұлы, «Әбішев Қ.З.» ЖК жетекшісі – 182 дауыс.
28    МАНЖАНОВА Ирина Рихардовна,  «Эдем» ЖШС бас директоры – 168   дауыс.
29    СЫЗДЫҚОВ Асқар Саимұлы, «Астана электротехникалық зауыты» бас директоры – 156 дауыс.    
30    ИСАБАЕВ Самат Қайырбекұлы, «MedHouse Kazakhstan» ЖШС директоры  – 154 дауыс.

Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП Өңірлік кеңес мүшелігіне сайланған қалған кандидаттар резервке алынды.

«Біріншіден, осыған дейін алты жыл бойы өңірлік кеңес құрамында жұмыс істеп, «Атамекен» қалпытасуы мен дамуына үлес қосып келген мүшелерге алғыс білдіргім келеді. Кандидаттардың ең жасы – 23 жаста. Жаңарған құрам Нұр-Сұлтан ӨКП және «Атамекен» ҰКП дамуына жаңа серпін береді деген сенімдеміз», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер