Жақсылық жаршысы: елордалық бизнес ханымдар ауруханаға 176 оттегі концентраторын жеткізді
Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі елордалық аураханаға 176 оттегі концентраторын берді
Қайырымдылық көмек «Атамекен» ҰКП және «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен іске асқан «Жақсылық жаршысы акциясы аясында №3 көппрофильді ауруханаға көрсетілді.
Бұл аурухана «Рамада Плаза» қонақүйінің ғимаратында орналасқан, онда коронавирус індетіне шалдыққан науқастар емделген болатын.
Жалпы сомасы 22 млн теңге қаражатты Нұр-Сұлтан ӨКП Іскер әйелдер кеңесіне мүше 22 кәсіпкер әйел жинады.
«Біз елдегі ахуалға бей-жай қарай алмадық, бірлесіп, қаражат жинау бойынша шешім қабылдадық. 2 күн ішінде 22 млн теңге жиналды. Басқаруымда медициналық компания болғандықтан, Қытайдағы әріптестерімізге байланысқа шықтық. Олар қажетті жабдықты төмен бағада, тіпті өзіндік құнмен ұсынды», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Динара Жұмакәрімова.
Бизнес ханымдардың шетелдегі жолға қойылған іскерлік байланысы арқылы концентраторлар Нұр-Сұлтан қаласына небәрі 11 күн ішінде жетті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: