«Жақсылық жаршысы» акциясы Нұр-Сұлтанда басталды
Елорданың кәсіпкерлері республикада алғашқы болып, «Атамекен» ҰКП және «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Жақсылық жаршысы» қайырымдылық марафонына қатысты. Марафон коронавирустық инфекцияға қарсы күреске жұмылдырылған медициналық мекемелерге және мұқтаж жандарға көмектесуге бағытталған
Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасы алаңында елордалық бизнесмендер азық-түлік өнімдері, бірінші қажеттіліктегі тауарлар, медициналық препараттар, қаржылай көмекті жинады. Жиналған қор еріктілердің көмегімен қиын жағдайда қалған отбасыларға таратылды.
«Қайырымдылық акциясына қатысу туралы үндеуімізге қала кәсіпкерлері қолдау білдіргені қуантады. Белгілі қайраткерлер Айгүл Мүкей, Қыдырәлі Болман, Маржан Арапбаева, Мөлдір Мұқанова, Айдын Жақыпов және елорданың танымал блогерлері де акицяға атсалысты. Кәсіпкерлер палатасы алаңында кәсіпкерлер азық-түлік жиынтықтарын жинап, оларды отбасыларға таратты», – деп хабарлады ӨКП директорының орынбасары Нұрлан Қаиршин.
#жақсылықжаршысы марафоны бүгін Нұр-Сұлтан қаласында басталып, ары қарай өңірлерде жалғасын табады. Акцияның үйлестірушісі «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі. Лима Диас бастаған Қоғамдық бақылау тобы акцияға науқанның барысын бақылаушылар ретінде қатысады.
Акцияға кез келген адам қатыса алады.
Көмекті қаржылай, азық-түлік түрінде немесе қызмет көрсету, мүмкін болатын жеңілдіктер жасау арқылы немесе ерікті ретінде атсалысуға болады.
Егер жобаға қатысамын десеңіз, барлық сұрақтармен «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі акциясының үйлестірушісіне хабарласуды сұраймыз (жоба менеджері Әсел Мағжан +77021500719).
Қаражат жинауға арналған шот:
010000, Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Достық көшесі, 5
БСН 180540015308
ИИК KZ076018821000192561
БИК HSBKKZKA
KNP 119 - басқа тегін ақша аударымдары
KBE - 18
Байланыс телефоны: 8 (776) 333 77 66 (WA)
Пікір қалдыру:
Пікірлер: