«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Нұр-Сұлтан Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі өзін-өзі тарататыны жайында мәлімдеді

2020 жылғы 16 Маусым
- Астана қаласы
4985 просмотров

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасында Өңірлік кеңестің кезектен тыс жиналысы өтті, оның барысында мүшелер Өңірлік кеңестің келесі құрамын сайлау мақсатында қазіргі құрамды өздігінен тарату туралы бір ауыздан шешім қабылдады

 Бүгінгі таңда кеңес құрамында 28 адам – елорда экономикасының түрлі саласында жұмыс істейтін қаланың ірі бизнесмендері және түрлі салалық қауымдастықтардың өкілдері бар.

 Нұр-Сұлтан ӨКП Өңірлік кеңесі экономиканың кәсіпкерлік секторын шоғырландыру, өсіру және дамыту мақсатында 2013 жылдың 28 қазанында құрылған.

 Өңірлік кеңестің негізгі міндеттері: жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында қалада жұмыс істейтін жеке кәсіпорындар мен олардың бірлестіктерін біріктіру; жергілікті басқару органдарының және бизнес-қауымдастықтардың келісілген инвестициялық саясатына көмектесу; инвестициялық ахуалды жақсарту және аймақтағы кәсіпкерліктің одан әрі өсуі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу; Әкімшілік кедергілерді азайтудан бастап қаржы институттардың мүмкіндігін ескере отырып, қаржы мәселелерін шешуге дейін – бизнестің барлық саласында кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау.

 Өңірлік кеңес Өңірлік палата дирекциясына мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта көмек көрсетеді; басқару органдарымен қабылданған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға атсалысады; «Атамекен» ҚР ҰКП Съезінде делегаттарды сайлайды; өңірлік палата мен палатаның филиалдары қызметі аясында Ұлттық палатаның мақсаттары мен міндеттерінің орындалу барысын бақылайды;  өңірлік палаталардың ағымдағы қызметінде экономиканың нақты салалары мен секторлары мүдделерін ескеруді қарастырады; Съезде Ұлттық палата қызметі тиімділігіне қатысты ұсыныстар енгізеді; кәчіпкерлік мәселелері жөнінде қоғамдық тыңдау өткізеді; ӨКП жарғысына сәйкес өңірлік кеңеске жүктелген басқа да мәслелерді шешеді.

 Өңірлік кеңестің төрағасы – «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің бас директоры Ерлан Сүлейменов. Осыған дейін төрағалықты Дәурен Жақсыбек атқарған.

 Айта кетелік, 2016 жылдан бастап Өңірлік кеңес құрамы тұрақты түрде жаңарып тұратын. Соңғы өзгеріс 2019 жылы болған, онда құрам 40%-ға жаңартылды.

 Сайлау ағымдағы жылдың шілде айында өтеді деп күтілуде. Осы ретте Өңірлік кеңестің бұрынғы құрамы өз өкілеттілігін жалғастыра береді.

 Нұр-Сұлтан ӨКП директоры Алмат Жүнісов елордадағы бизнесті дамытуға белсенді қатысып, сондай-ақ кәсіпкерлік саласындағы бірқатар жүйелік мәселелерді шешуге көмектескені үшін Өңірлік кеңес мүшелеріне алғыс білдірді.

 «Өңірлік кеңеске сайлау барынша ашық әрі әділ өтеді деген сенімдеміз. Нұр-Сұлтан қаласының әр кәсіпкері өз саласындағы кандидатқа дауыс беру арқылы  позициясын айтуға мүмкіндік алады», – деді Алмат Жүнісов.

 Сайлау кампаниясын жүргізу туралы ақпарат қосымша хабарланады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер