«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Нұр-Сұлтанда квота бойынша көше саудасы объектілерін орналастыруға өтінімдер онлайн қабылданады

2020 жылғы 09 Маусым
- Астана қаласы
7467 просмотров

10 маусымда елордада халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын кәсепкерлік субъектілері арасында квота бойынша «1000 сауда орны» бағдарламасы бойынша көше сауда объектілерін орналастыруға жер учаскілерін жалға алуға өтінім қабылдау басталады.  COVID-19 пандемиясына байланысты өтінімдер ОНЛАЙН қабылданады

«Astana» ӘКК» АҚ көше саудасы объектілерін орналастыруға жер телімдерін беру ережесіне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасы тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын кәсіпкерлік субъектілері арасында 9 жер телімін комиссиялық тәртіпте бөледі.

Қатысуға өтінімдер  2020 жылдың 10-29 маусым аралығында мына электронды пошта арқылы қабыладанды:  d.mustafina@atameken.kz, анықтама телефоны: 8 (7172) 91-90-84.

Коронавирустың таралуын алдын алу үшін  Кәсіпкерлер палатасына келу қажет етілмейді.

Квота бойынша жер телімдерін алуға арналған өтінімге келесі құжаттар қоса беріледі (өтінімнің формасы қоса беріледі):

1) жеке кәсіпкерді тіркеу туралы талонның және хабарламаның (куәліктің) көшірмесі;

2) өтінім берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;

3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (қажет болған жағдайда);

4) жеке кәсіпкердің ағымдағы шотының болуы туралы банктен анықтама;

5) өтінім беру сәтінде салық төлемдері бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама;

6) өтінім берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжат;

7) қысқаша сипаттамасы және/немесе тұсаукесері бар қатысушының жобасы.

Өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, қол қойылады, мөрмен куәландырылады (бар болса) және оны өтініш берушілер не олардың уәкілетті өкілдері Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасына ұсынады.   

Конкурсқа қатысу үшін тек қана заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі жоқ, сондай-ақ Регламенттің 16-тармағына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жеке кәсіпкерлер жіберіледі.

Регламент бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына:

1)  Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

3)  1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;

4)  мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

5) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

6) «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр анна» атағын алған, сондай-ақ I, II және III дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;

7) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

8)  аз қамтамасыз етілген отбасылар қатарындағы толық емес отбасылар;

9)  көп балалы жалғыз басты аналар.

Өтініш берушіге мынадай жағдайларда арызын қанағаттандырудан бас тартылады:

1) қажетті құжаттарды ұсынбау немесе регламенттің 9-тармағында көрсетілген дәйексіз және/немесе толық емес мәліметтерді ұсыну;

2)  Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесін қосалқы жалға алуға құқығы жоқ тұлғаның өтінім беруі;

3) «Astana» ӘКК қалыптастыратын жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұлғаның болуы.

Қатысушы комиссия онлайн отырысы барысында өзінің жобасын таныстырады және оны іске асырудың мақсаттары мен жоспарлары туралы комиссия мүшелеріне хабарлайды. Презентацияны өткізу регламенті 5 (бес) минуттан аспайды.

Конкурс жеңімпазы қосалқы жалға алу шартын жасау үшін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Нұр-сұлтан Кәсіпкерлер палатасына 50 АЕК мөлшерінде кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжатын ұсынуы тиіс.

Жеңімпаз қосалқы жалдау шартын жасасудан бас тартқан жағдайда қосалқы жалдау шартын жасасу құқығы екінші жеңімпазға ауысады: https://astana-spk.kz/ru/nasha-deyatelnost/ulichnaya-torgovlya/pravila-zemelnyix-uchastkov

Өтінім үлгісі мында

Жер телімдерінің тізімі:

№ п/п

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Ауданы, га

  1.  

Бейбітшілік көшесі, № 31 үй ауданы

Техникалық қызмет көрсету сервисінің стационарлық емес объектісін орналастыру С (НО) -0803

0,0021

  1.  

Шалкөде көшесі, № 1 үй ауданы

 

Тұрмыстық қызмет көрсету сервисінің стационарлық емес объектісін орналастыру А (НО)-0808

0,0016

  1.  

Шалкөде көшесі, № 1 үй ауданы

 

Стационарлық емес сату объектісін орналастыру (көкөністер, жемістер) А (НО)-0807

0,0016

  1.  

Абылайхан көшесі, № 36 үй ауданы

 

Стационарлық емес сату объектісін орналастыру (көкөністер, жемістер) А (НО)-0806

0,0012

  1.  

Қ. Әзірбаев көшесі, № 8 үй ауданы

 

Стационарлық емес сату объектісін орналастыру (көкөністер, жемістер) А (НО)-0823

0,0012

  1.  

Алтынемел көшесі, № 6 үй ауданы

 

Стационарлық емес сату объектісін орналастыру (көкөністер, жемістер) А (НО)-0772

0,0009

  1.  

Ақжол көшесі, № 22 Б үй ауданы

Азық-түлікті (нан-тоқаш, сүт, шұжық өнімдері) сатудың стационарлық емес объектісін орналастыру

Б (НО) - 0757

0,0012

  1.  

Қобланды батыр көшесі, № 7Л үй ауданы

Стационарлық емес сату объектісін орналастыру (көкөністер, жемістер) А (НО)-0766

0,0009

  1.  

Ж.Досмұхамедұлы көшесі, № 6 үй ауданы

Стационарлық емес сату объектісін орналастыру (көкөністер, жемістер) А (НО)-0758

0,0015

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер