«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордада «Қоғамдық бақылау – чек талап ет» акциясы басталды

2020 жылғы 14 Мамыр
- Астана қаласы
7001 просмотров

«Қоғамдық бақылау – чек талап ет» акциясы – ҚР халқы арасында бақылау-касалық машина фискалды чекті бермеу фактілерін анықтауға бағытталған.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы «Қоғамдық бақылау – чек талап ет» акциясына әркім қатыса алатынын хабарлады.

 Егер бақылау-кассалық машинаның фискалды чегін бермеу немесе беруден бас тарту фактілерінің куәгері болсаңыз, WIPON мобильді қосымшасы арқылы шағым жіберіп, бұзушылық расталса, телефон балансына 1000 теңге сыйақы ала аласыз.

 Барлық жіберілген өтінімдерді мемлекеттік кірістер органдары қарайды.

 WIPON мобильді қосымшасын App Store және Play market-тен тегін жүктеп алуға болады.

 2019 жылы акция жүргізу науқанында азаматтардың жіберген хабарламалары бойынша 940 бұзушылық фактісі расталды, хабарлаушыларға 940 мың теңге сомасында сыйақы төленді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер