«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасы жаңа мекенжайға ауысты

14 Мамыр 2020 - Нұр-Сұлтан қаласы
1399 просмотров

Құрметті кәсіпкерлер! 2020 жылдың 18 мамырынан бастап Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасы жаңа ғимаратқа ауысатынын хабарлаймыз: мекенжайымыз – Б. Момышұлы даңғылы, 2/11, «Avenue» бизнес орталығы, 1-қабат.

 Сонымен қатар 12 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП өзінің қалыпты жұмысын жаңартты. Жұмыс кестесі: 9:00-ден 18:30-ге дейін, түскі үзіліс: 13:00-14:30.

 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Р.Қошқарбаев 29, мекенжайында орналасқан «Бизнеске арналған үкімет» алаңында сервистік қызмет көрсетуге дайын. Жұмыс уақыты: 9:00-18:00, түскі үзіліс: 13:00-14:00.

 Қызметтерді services.atameken.kz порталында онлайн алуға болады.

Коронавирустың таралуын болдыртпау мақсатында жеке қорғану құралдарын: маскалар мен резеңке қолғаптарды киіп жүріге кеңес береміз.

 


Серіктестер