«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған «HR-клуб» өз жұмысын жалғастыруда

2020 жылғы 28 Ақпан
- Астана қаласы
2479 просмотров

Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамытуға бағытталған көптеген бастамалардың негізін қалаушысы. Сондай іс-шаралардың бірі – елордалық компаниялардың НR менеджерлерінің жұмысын бір арнаға тоғыстыратын «HR-клубы» жұмысын ұйымдастыру және жүргізу.

Бүгінде клуб құрамында «Самұрық-Қазына» АҚ «ПИК ASTANA Ютария LTD» ЖШС, «Шар Холдинг» ЖШС, Astana Reality Group» (Sensata Group компаниялар тобы), «FORTUNATA» ЖШС, «Цесна Астык» ЖШС, «НурАдиль KZ» ЖШС, «КазПочта» АҚ сынды елорданың белгілі бірнеше компаниялары мен кәсіпорындарынан 100-ге жуық HR маманы кіреді. Клуб қызметі HR мамандардардың кәсіби қызметтерде кездесетін мәселелерін шешуде көмек көрсету, компания қызметкерлерінің потенциалын дамыту және маркетинг жөнінде кеңес беруге бағытталған. Өткен жылдан бастау алған клубтың 2020 жылғы кезекті  отырысында ағымдағы жылға жұмыс жоспары нақтыланып, «Атамекен» қолдау орталығы» мобильді жұмыспен қамту орталықтары көрсететін қызмет түрлері таныстырылды.    

Сондай-ақ, HR-клубтың отырысында Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Атамекен» қолдау орталығы» мобильді жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасқан азаматтар үшін ұсынылатын дисконттық картаның қолданысқа енетіндігі жайлы хабарланды.

«Әдетте, біраз уақыт жұмыссыз болған азаматтарға жұмысқа орналасқаннан кейін алғашқы айларда да материалдық тұрғыдан қиынға соғады. Біздің идеямыз оларға жұмысқа орналасқаннан кейін, алғашқы екі айда кейбір қажетті қызметтерді жеңілдік бағасымен алуға көмектесу болып табылады», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Айболат Есентеміров.

Бастамаға алғашқылардың бірі болып бес астаналық компания қосылды: сұлулық салоны, стоматологиялық клиника, оқу орталығы, құрғақ бассейн, имидж студиясы және шаштараздар мектебі. Олар өз қызметтеріне 20% жеңілдік берді.

Айта кету керек, жақында «Атамекен» мобильді жұмыспен қамту орталықтары онлайн-қызмет көрсетуге көшті. Кәсіпкерлер палатасының мамандары «Атамекен қолдау орталығы» мобильдік жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыс іздеу және персоналды іріктеу үшін Telegram – бот әзірледі. Аталған қосымша жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған. Жұмыс беруші өз компаниясында бар бос жұмыс орны жайлы онлайн тапсырыс беру мүмкіндігіне ие болса,жұмыс іздеуші өзіне қажетті жұмыс орнын таңдай алатын болады.Бұл әр компанияда кездесетін кадрлар тапшылығы мәселесін шешудің басты құралы болып табылады.

Жұмыс барысында үздік HR мамандар өз әріптестерімен тәжірибе алмасып, оқытуды ұйымдастыру мәселелерні талқылады.Сонымен қатар, кездесу барысында танымал тренерлердің қатысуымен «Эмоциялық интеллект», «Келіссөздер жүргізу жолдары» сияқты тақырыптарды қамтитын  тренингтер ұйымдастырылды. Клуб мүшелері арасында жедел байланыс орнату мақсатында WhatsApp қосымшасында арнайы чат құрылған.Клуб жұмысына кез-келген жұмыс орныныан кадр қызметкері қатыса алады.Толық ақпаратты +7 (7172) 91-90-86, +7 701- 473-18-87 байланыс телефондары арқылы ала аласыздар.

 

Айнұр Рахметова Нұр-Сұлтан қаласы,

Кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер