«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салық органдары елорда кәсіпкерлерінің қызметіне кедергі келтіруде

2019 жылғы 24 Желтоқсан
- Астана қаласы
13818 просмотров

Нұр-Сұлтан қаласының шағын және орта бизнес кәсіпкерлері салық органдары тарапынан шоттарды бұғаттау және «Электронды шот-фактура» ақпараттық жүйесіне қолжетімсіздікке қатысты шағымдануда

Бұл мәселе Ирак Елекеевтың жетекшілігімен бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кезекті отырысында талқыланды. Іс-шараға мүдделі кәсіпкерлер, елорда мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері, Кеңес мүшелері, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, прокуратура өкілдері қатысты.

 «Өтінім бергендердің жағдайы бірдей:  салық органы кәсіпорынға ШОБ субъектісінің электронды шот-фактурада көрсетілген қаржы-шаруашылық операцияларын жүзеге асырудың төмен ықтималдығына ие туралы хабарлама жібереді, яғни кәсіпкердің адалдығына күмән келтіреді. Мұны жоққа шығару үшін  кәсіпкерлер органға олардың ашық қызметін растайтын  көптеген шот-фактура және басқа да құжаттарды жіберуге мәжбүр. Алайда осыдан кейін шоттар бұғатталып қала береді. Кәсіпкерлердің айтуынша, олардың берген жауаптары мемлекеттік органдар қызметкерлері тарапынан егжей-тегжейлі зерттеледі. Нәтижесінде орган мән-жайды анықтап алғанша кәсіпкерлер қызметі тоқтап қалады, салдарынан бизнес көптеген шығындар көруде. Мәселен, бір компания шоты бұғатталғаны салдарынан күніне 1,2 млн теңге шығын көруде!», – деді Нұр-Сұтан қаласы ӨКП директорының Құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Қуанышбек Мұқаш.

Бұдан бөлек, салық органдары кәсіпкерлерден қосымша декларация тапсыруды талап етуде, онда бюджетке төленетін соманы жоғары сомаға өзгертуге мәжбүрлейді, қосымша құжаттар, келісім-шаттар, шот-фактуралар талап етіп, мемлекеттік қызметкердің уақытын тиімсіз жұмысап, кәсіпкер уақытын алады.

Сонымен қатар салық органы компаниялардың контрагенттеріне олар ісін адал емес жолмен атқаратын жеткізушілер болып табылатыны туралы хабарламалар жібереді, осыған байланысты кәсіпкерлер жылдар бойы қалыптасқан клиенттерді жоғалтуда.

 «Біз екі ай бойы дұрыс жұмыс істей алмай отырмыз. Компаниямды мәмілені заңсыз деп тану туралы  сотқа берген. Үш талап арыздың бірі бойынша кеше судья: «бұл салық органының кінәсі, ол мән-жайды таппай «тәуекелдің жоғары деңгейін» беріп, барлығын қара тізімге енгізген» деп айтты. Қазіргі таңда мен үш клиентті жоғалттым, оның бірі – «Small» супермаркеттер желісі», – деді «ДидиТРЭЙД»  ЖШС ет өнімін жеткізуші компания директоры Алтынай Исентаева.  

«Успех ЛТД НС» ЖШС жол құрылысы және карьер қазбасымен айналысады. Кәсіпорынның өкілі Юлия Крутько салық органдары олардың шоттарын негізсіз екі рет бұғаттағанын айтты. Бірінші жағдайда Нұр-Сұлтан ақаласы ӨКП алаңында қала прокурорының қабылдауында мәселе шешілген болатын.

 «Өткен аптада жағдай қайталанды. Шотты бұғаттауда:  хабарламаға жауап берілмеді, ҚҚС есебіне қою туралы өтініш берілмеді» делінген. Біз ҚҚС есебінде кәсіпорын тіркелген 2005 жылдан бері тұрмыз. Қандай өтінішті кімге беруіміз керек еді? Екіншісі – аталған хабарлама салық төлеушілердің кабинетінде жоқ. Үш күн бойы ешбір жауап ала алмай, жұмыс істемей отырдық», – деді Юлия Крутько.

Тағы бір проблема салық органдары бизнестің өз контрагенттерімен (клиенттер, жеткізушілер, қосалқы мердігерлер) жасаған мәмілелерді олардың заңдылығына арыз береді.

 «Салық органдары кәсіпкерлерді сот дауларына негізсіз тартуда, кәсіпкерлік қызметпен айналасуға кедергі жасап, бизнеске әкімшілік қысым көрсетуде, өтйкені бизнес үшін кез келген сот процесі – бірінші кезекте стресс, қаржылық шығын және моральдық нұқсан! Салық органдарының пікірінше, арыздарды жаппай беру себебі бизнес контрагенттерімен жұмыстарды шынайы орындауға «қабілетсіздік» болып отыр, өйткені оларда активтер және басқа ресурстар жоқ.

 Осы ретте қызмет көрсету немесе жұмыс орындау кезінде жекеменшік техника, экскаватордың болуы маңызды емес, бұл техниканы да, жұмысшыларды да жалға алуға болады», – деді Қуанышбек Мұқаш.

 Кеңес мүшесі, Қостанай салық кеңесшілері қауымдастығының төрағасы Сәкен Қарин салық саласында көптеген мәселе барын айтты.

«ЭШФ жүйесіне қолжетімдіктің шектелуі заңды бұзу екені анық. Өйткені кәсіпкерлер коммерциялық құпия саналатын құжаттарды өткізуге мәжбүр. Олар құжаттарды алып жүргенше мерзім өтіп кетеді, ЭШФ бұғаты қойылады. Ары қарай паника басталады, кәсіпкерлер енді қандай құжат беру керек деп дал болады. Заңнама шеіберінде жазбаша ешқандай талап жоқ, ешқандай белгіленген жұмыс жоқ (...) Бұл жерде үлкен сыбайлас жемқорлық факторы бар», – деді Сәкен Қарин.

 Барлық дәйектерді тыңдап шыққан Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік кірістер департаменті жетекшісінің орынбасары Таукен Ошақбаев қазіргі кезде елорда бойынша 600-ге жуық ШОБ субъектісінің шоты бұғатталғанын хабарлады.

 «Бұл апта сайын болады. Тәуекелдерді басқару жүйесінде адами фактор жоқ, сондықтан шоттар автоматты түрде бұғатталады. Егер салық төлеушілер мемлекетке ештеңе төлемесе, әрине олар салық төлемеушілер жүйесіне түсіп қалады. ЭШФ бұғатталған барлық ШОБ субъектілері оларда тәуекел деңгейі жоғары! Егер жүйе дұрыс емес болса, 600 кәсіпкердің барлығы бірдей бүгін келер еді. Иә, әрине, кейбір жағдайда түсініспеушіліктер бар. Барлығымен жекелей талқылап, шешім қабылдаймыз», – деді Таукен Ошақбаев.

 Оның пікіріне кәсіпкерлер былай жауап берді: Тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес олар жоғары тәуекелі бар ШОБ субъектілеріне жатпайды, олар орта деңгейге жатады. Бұған Ошақбаев қызметкерлердің ықтимал қателіктерін растайтынын, өтінімдерді жекелей қарауға дайын екенін айтты.

 Кеңес отырысының қорытындысы бойынша өтінімдерді прокуратура, Нұр-Сұлтан қаласы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне мәселені зерттеуге, сонымен қатар сондай-ақ Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 309-бабына сәкес осы Ереженің қолданылуын тоқтата тұру туралы ұсыныстарды  жіберу бойынша шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер