«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кондитерліктің айналысында санитарлық аймақтың көлемі қандай болуы керек?

2019 жылғы 28 Қараша
- Астана қаласы
8297 просмотров

Кондитерлiк тағамдар әзірлейтін елордалық «Тәп-Тәтті» ЖШС кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін шығаратын цех санитарлық-эпидемиологиялық рұқсат беретін қорытындыны ала алмай жүр. Оған Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» үнемі рұқсат бермей, кәсіпорын өтінімін керi қайтарумен келеді

Бұл мәселе неге байланысты, сондай- ақ мұндай мәселелердің шешімін қалай табуға болады? Елордада Ирак Елекеевтiң төрағалығымен өткен Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің кезектi отырысында компанияның осы мәселеге байланысты шағымы қаралды.

«Серiктестiк 2018 жылдың тамыз айынан бері департаменттiң цех қызметіне рұқсат беру құжатын түрлі себептермен бермей келе жатқанын айтады. Ал соңғы себепке келсек, негізгі кедергі санитарлық қорғау аймағының ауданы кемiнде 50 метр болуы керектiгi туралы ереженiң сақталмауы деп көрсетілген. Мәселені мұқият зерттеп, барлық материалдарды қарап, қолданыстағы заңнама нормаларын талдай отырып, Департамент қызметкерлері Санитарлық ережелер ережелерін дұрыс қолданбады, сол арқылы ЖШС-ге қажетсіз талаптар қояды деген қорытындыға келдік, – деп хабарлайды өз баяндамасында Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының құқық мәселелері бойынша директор орынбасары Қ. Мұқаш.

 Санитарлық ережелер нормасына сәйкес Серiктестiктiң объектісі кауiптiлiктiң V класына жататындықтан, яғни қуаты аз объект (шағын өндiрiс) болып есептеледі, сондықтан СҚА 50 м кем болмайды. Сонымен қатар, СҚА көлемін атмосфералық ауаның ластануын сейiлтетiн және оның физикалық тұрғыда әсер ететін есептеулердiң нәтижесіне сай өзгертуге әбден болады. Компанияда осы нормаға сай жағдай жасалғанына қарамастан, Департамент 07.11. 2019 жылғы №Z.01.X.KZ55VBZ00008859 санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысында Серiктестiктiң кондитерлік цех қызметі заң талаптарына сәйкес емес деген қорытынды шығарды.   

«Осылайша, кәсіпкер жоғарыда көрсетілген негіздерді қолдана отырып, өз объектісінің қорғау аймағының мөлшерін өзгертуге құқылы. Біздің жағдайда ЖШС қажетті өзгертулерді негіздейтін тиісті жобаны әзірлеген. Осы ретте әзірленген жобаның толықтығы, сенімділігі және сапасы үшін жобалық құжаттаманы әзірлеуші жауап береді», – деді Қуанышбек Мұқаш.

Осы ретте соңғы қорытындыға сәйкес департамент «Тәп-тәтті» ЖШС-нан соңғы үш жылдағы жүйелі үздіксіз далалық зерттеулер мен ауаның ластануын өлшеулердің нәтижелерін ұсынуды талап етуде. Демек, ереженің бірден екі тармағын ұстану талап етілді.

  «Департаменттің бұл талабы негізсіз, сонымен қатар заңсыз деп санаймыз. Ол жауапкершілігі шектеулі серіктестікті алдағы үш жылда қорғаныш аймағы мөлшерін заңмен қарастырылған (Санитарлық нормалардың 54-тармағының 1-тармақшасы) өзгерту құқығынан айырады», – деді ӨКП директорының орынбасары.  

Нұр-Сұлтан қаласы Тауарлар және қызметтер сапасы мен қауіпсіздігі департаменті жетекшісінің орынбасары Айгүл Шағалтаева кәсіпкерлер алдымен объектіні салып, іске қосады, содан кейін барып департаментке келеді, сондықтан осындай жағдай орын алатынын айтты.

  Аудан әкімшілігі берген тұжырымның дұрыстығына келетін болсақ, Айгүл Шағалтаеваның пікірінше, осы саладағы сарапшылар, мысалы, жоғары тұрған мемлекеттік органдар тұжырым жасауы керек. Жиналысқа қатысушылар бұл пікірмен келіспеді, мемлекеттік сарапшылардан басқа, объективті болуы мүмкін тәуелсіз сарапшылар бар екенін атап өтті.

 Талқылауға қатысушылар шағын өндірістерге қойылатын талаптарды қайта қарау крек деген пікірге келді, өйткені шағын өндірістер қоршаған ортаға зиян келтірмейді.

ЖШС-нің жағдайына қатысты Кеңес мүшелері Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздікдепартаментіне аудандық кеңестің қорытындыны алып тастап, оң қорытынды шығаруды сұрап хат жіберуді шешті, өйткені заң талаптарын кондитерлік орындаған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер