«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» квазимемлекеттік сектордың сатып алулары жөніндегі қағидаларды қарастырып жатыр

10 Қазан 2019
708 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және ұйымдардың тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметтерді сатып алуларын жүзеге асыру қағидалары (ары қарай – Қағидалары) келіп түсті

Қағидалардың жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерін сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуларын жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін анықтауды қарастырылады.

Қағидалар  жобасы 2020 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

Қағидалардың жобасымен танысуды ұсынамыз, егер сізге құжатқа қатысты ұсыныстар және (немесе) ескертпелер болса, ақпаратты мына электронды поштаға ruslan.shokayev@atameken.kz   жолдауды немесе келесі нөмірге хабарласуды сұраймыз: 8 (71712) 270-453.

Қағидалар жобасының мәтінімен мына сілтемеден танысуға болады.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер