«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Елордалық құрылысшыларға алғыс хаттар табысталды

09 Тамыз 2019 - Нұр-Сұлтан қаласы
899 просмотров

Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасында Құрылысшылар күніне орай марапаттау рәсімі өтті

Салтанатты іс-шарада Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов құрылысшыларға алғыс хаттарды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр атынан табыс етті.

«Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы атынан сіздерді кәсіби мерекемен құттықтаймын. Құрылысшы – қашанда құрметті әрі қажетті мамандық, өйткені сіздер кәсіпорындар, әлеуметтік объектілерді тіпті бүтін қалаларды тұрғызасыздар. Соңғы 20 жыл ішінде елордада құрылыс көлемі күрт өсті, құрылыс саласы қала экономикасы дамуына үлкен үлес қосты. Ең бастысы – көп жаңа жұмыс орындары құрылды. Ары қарай да серпінді даму тілеймін!», – деді Алмат Жүнісов.

 «MEGA-GROUP ASTANA» ЖШС директоры Арман Таубаев құрылыс саласында 25 жылдан астам уақыт жұмыс істейді, бүгінде оның компаниясы Нұр-Сұлтанның ірі объектілерінде жобалау және бұрғылаумен айналысады.

 «Бізге мұндай марапатты алу қуантады. Өйткені біз тыңбай күнделікті еңбектенеміз. Жұмысымызды елегендеріңіз үшін рахмет!» – деді құрылысшы.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер