Елордада «ARiF’19» тәуекелдерді басқару саласында алқашқы практикалық форумы өтеді
28 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында «ARIF'19» нақты сектордағы компанияларға арналған тәуекелдерді басқару саласындағы алғашқы халықаралық практикалық форум өтеді.
Қазіргі таңда тәуекелдерді басқару – кез келген компанияның корпоративті басқару жүйесінің маңызды құрауышы, шешімдердің тиімділігін басқаруға мүмкіндік беретін элемент.
Форум компания басқарушыларына, тәуекел-менеджерлері, сонымен қатар инвестициялар, қауіпсіздік және бюджет мәселелері жөніндегі бейінді салалардың мамандарына пайдалы болмақ.
Форумда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Газпром» ЖАҚ, «ERG» ЖШС, «Қазатомпром» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сынды компанияларынан тәуекелдерді басқару саласындағы соңғы тенденциялар туралы кең ауқымды ақпарат беріледі.
«Атамекен» ҚР ҰКП форумның ақпараттық серіктестігінің бірі болмақ. Форумда өз компанияларында жобаларды сәтті іске қосқан сарапшы-практиктер спикер болады. Форум бағдарламасы бір күн ішінде тәуекел-мәдениетін енгізу, инвестициялық жобалардың тәуекелдерін басқару, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Өтетін күні мен орны: 2019 жыл 28 маусым, Нұр-Сұлтан қаласы, «The Ritz-Carlton Astana» қонақүйі
Ұйымдастырушылардың байланысы: sales1@whitebirds.kz, +7 702 619 05 14, +7 702 497 97 17, ұймдастырушылардың Facebook парақшысы – White Birds LLP, Instagram парақшасы – white_birds_kz, іс-шара сайты – www.astanariskforum.info.
Форумға мына сілтеме арқылы тіркелуге болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: