Халықаралық сарапшылар WorldSkills Nur-Sultan-2019 чемпионатын жоғары бағалады
WorldSkills Nur-Sultan-2019 чемпионаты «аспаз ісі» біліктілігінің қатысушылары қазылар алқасының назарына алты тағам түрі мен десертті ұсынды
Тағамдардың қаншалықты кәсіби дайындалғанын кәсіпқой аспаздар –халықаралық компатриот-сарапшылар анықтайтын болады. Олардың құрамында халықаралық сарапшы, екі тәуелсіз сарапшы және қатысушылардың шеберлері арасында елордалық колледждердің 6 сарапшысы бар.
«Бүгін ет және балықтан дайындалған тағамдар ұсынылды. Бірінші күндері көрсетілген тағамдардан гөрі қазір тамақты ұсыну жағында серпін бар. Бастапқыда студенттік, асханалық рәсімдеу болса, қазір біздің ескертпелерімізді назарға алып, студенттер мейрамханалық рәсімдеуді назарымызға ұсынды», – деді «аспаз ісі» біліктілігінің сарапшысы, елорда мейрамханаларының бірінде бренд-шеф аспазы Максим Хан.
Осы біліктіліктің қатысушылары өз тағамдарын Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі базасында дайындауда. Қатысушылар саны 7: алты жігіт және бір бойжеткен. Олар Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі, Кәсіптік-техникалық колледжі, Көпбейінді колледж, Жоғары сауда-экономикалық колледжі, Экономика, технология және тамақ өндірістерін стандарттау колледжі, Қазақ технология және бизнес колледжінің студенттері.
«Аспаз ісі» біліктілігінің халықаралық сарапшысы Серікхан Әділханов биылғы чемпионаттың ұйымдастыруын жоғары бағалады.
«WorldSkills» чемпионатының осы біліктілік бойынша жыл сайын қозғалысы артып келе жатқаны қуантады. Мәселен, қатысуышалар үшін көрнекі үлгілер – халықаралық стандарттар! Қазақстанда мұндай әлі болған емес. Міне барлық модульдер көрсетілген жұмыс кестеміз, қатысушылардың тізімі. Алаңда шикізат еркін ұсынылған. Шикізаттың бәрін демеушіміз – METRO сауда желісі. Барлық тамаша!», – деді деп пікірін білдірді Серікхан Әділханов.
Білім және ғылым министрлігі Білім беру басқармасы және Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатаснынң өкілдері Чемпионаттың жұмыс алаңдарын тамашалап, қатысушылар өнерімен тамсанды.
«Студенттер халықаралық чемпионатқа белсенді қатысып жатқаны көз қуантады, бұл кәсіби деңгейді жоғарылатудың тамаша мүмкіндігі. Қазіргі таңда еңбек нарығында тез оқып, жаңа әдістерді қолдана алатын, уақыт талабына сай технологияларды игерген мамандар сұраныста. Жылдан жылға астаналық жұмыс берушілердің чемпионатқа деген қызығушылығы артып келе жатқаны жақсы тенденция. Осы қозғалысты Кәсіпкерлер палатасы ары қарай қолдайтын болады», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: