«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әлеуметтік серіктестер мереке күндері де жұмыс істейді

2019 жылғы 20 Наурыз
- Астана қаласы
3956 просмотров

Көлік және коммуникациялар колледжінің студенттері оқу орталығының әлеуметтік серіктестерін мейраммен құттықтады

Дәстүр бойынша көлік саласына мамандарды дайындайтын аталған оқу орны  Наурыз мейрамына орай студенттер, қаланың жұмыс беруші ұйымдары, оқу ордасының ардагер ұстаздары, «Нұр Отан» партиясы  және Астана қаласы ӨКП өкілдерінің қатысуымен мерекелік іс-шараны ұйымдастырды.

 «Наурыз мейрамы – сүйікті мейрамдарымыздың бірі. Мерекемен құттықтай отырып, техникалық және кәсіби білім беру саласы дамуына үлес қосқан азаматтарды, дуальді білім беру шеңберінде өзара ынтымақтастық үшін, студенттерге өндірістік практикадан өтуге орын бергендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Түлектеріміз еңбек нарығында ары қарай да сұранысқа ие болатынына сеніміміз зор», – деді Көлік және коммуникациялар колледжінің директоры Зулфухар Гаипов.

Айта кетелік, «Көлік және коммуникациялар колледжі» МКҚК өз жұмысын 1945 жыл мамыр айында бастаған. Осы жылдар ішінде колледж ұжымы Қазақстан Республикасының бірнеше мемлекеттік міндетті техникалық және кәсіптік білім стандарттарын, үлгілік оқу жоспарларын, оқу-әдістемелік кешендерді, оқу құралдарын әзірледі.

Жарты ғасырдан асқан жұмыс ішінде оқу орны көлік саласына  орта буын  24 мың маманды дайындаған.

 «Қазіргі таңда колледж теміржол саласының 5 мамандығы бойынша дуальді білім беруге қатысып жатыр. Колледждің әлеуметтік серіктестері:   «Сороковин машиналандырылған жол қашықтығы»–«ҚТЖ-ҰК» АҚ филиалы, «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» АҚ филиалы, «Астана локомотивжөндеу депосы» филиалы. Колледж студенттері еңбек нарығында сұранысқа ие», – деді Астана қаласы ӨКП директоры Алмат Жүнісов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер