«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордалық кинотеатрлар балаларға арнап фильмдердің тегін көрсетілімдерін ұйымдастырды

2019 жылғы 14 Наурыз
- Астана қаласы
3947 просмотров

Астананың төрт бірдей кинотеатры елорда мектептерінің 5-11 сынып оқушыларына арнап қазақстандық фильмдердің тегін көрсетілімін ұйымдастырды

 Астана қаласының Қоғамдық даму істері жөніндегі басқармасы жетекшісінің орынбасары Жүсіп Жұмағұловтың айтуынша, былтыр басқарма жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және мектеп оқушыларының бос уақытын дұрыс ұйымдастыру мақсатында «Кино» атты жобаны қолға алған. Екі ай ішінде «Жаужүрек мың бала», «Анаға апарар жол», «Құнанбай» фильмдерін 300-ге жуық оқушы тамашалаған.

 «Демалыс күндері ата-аналар балаларды қайда апаруды білмейді, ал киноға жай ғана апарып қана қоймай, сапалы фильмді көрсетуді қалайды. Бізде мұндай фильмдер бар, сондықтан біз елордалық кинотеатрларды «Кино» жобасын қолдап, көрсетілім залдарын ұсынуды сұрадық. Өтінішімізге «Keruen», «Asia Park», «Сарыарқа» және «Арсенал» кинотеатрлары қолдау білдірді. Мұндай серіктестерімізге алғыс білдіреміз», – деді Жүсіп Жұмағұлов.

 Оның айтуынша, балаларға бұл идея және фильмдер ұнады, кино көрсетілімдерінен алған әсерлері жайында балалар эсселерінде бөлісті.

 Елордалық билік өкілдері осы жобаны биыл да жалғастырмақ, осы орайда кинотеатрларды бастаманы қолдауға шақырады. Балаларды тасымалдау және жол полициясының сүйемелдеуін басқарма өз жауапкершілігіне алады.

 «Бизнестің мәнін түсіне отырып, коммерциялық кешкі уақытты емес,  таңертеңгі уақыт – залдар анағұрлым бостау кезді сұраймыз», – деді басқарма жетекшісінің орынбасары.

 «Осындай идеяны жүзеге асыруға қатысқанымызға қуаныштымыз. Меніңше,  2019 жылы да осы жобаны қолдаймыз», – деді «Asia Park» сауда–ойын-сауық орталығына қарасты «Arman 3D» кинотеатрының өкілі Диас-Әли Қасымов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер