«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қорқор тартуға тыйым: Алматы рестораторлары алаңдаулы

2019 жылғы 13 Наурыз
- Алматы қаласы
4962 просмотров

Қоғамдық орындарда шылым шегу, соның ішінде қорқор тартуға тыйым, жарнамаға салынған жаңа салық, жазғы кафелерді ашу түйткілдері және басқа да мәселелер Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының алаңында рестораторлардың мемлекеттік органдар және әлеуетті құрылымдармен кездесуі барысында талқыланды

Кездесуге 60-қа жуық бизнесмен, сонымен қатар Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы, Алматы қала құрылысы бақылауы, Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, мемлекеттік кірістер, төтенше жағдайлар, қоғамдық денсаулықты қорғау және полиция департаменттерінің өкілдері қатысты.

 Кәсіпкерлер көптеген мәселелер бойынша шенеуніктерге тікелей сұрақтарды қойғысы келуі себепті осы іс-шара ұйымдастырылды.

 11 сәуірден бастап елімізде жарнама туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енбек, бұл өзгерістер кеңсе мен ғимараттары бар бизнесмендердің қызметіне қатысты болмақ.

 «Біріншіден, рұқсатты алу хабарландыру тәртібіне ауысады. Ол екі кезеңге бөлінеді – нысанның өзіне рұқсат алу және бейнелерді пайдалануға хабарландыруды бағыттау», – деді Алматы  қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының бас маманы Руслан Керімбаев.

 Оның айтуынша, өзгерістер жарнама ставкаларын да қамтиды. Салық мөлшерге қарай салынады, мәселен, 2 шаршы метрге дейін жарнама 2 АЕК тұратын болады, ал жақсы өтімі бар көшелердегі жарнама – 4 АЕК ставкасында. Енді атылып жатқан тауардың, бағдардың, акциялардың, мекенжай мен телефондардың бейнесі бар витриналарды ішкі рәсімдеу – жарнама болып саналады, демек ол үшін төлеу керек.

«Мысалға, сізде азық-түлік дүкені бар, делік. Бұрын дүкен атауы қасында нан-тоқаш, сүт немесе шұжықтың суретін орналастыруға болатын, ал қазір болмайды. Бұл жарнама болып саналады. Витринаға сатылатын өнім үлгілерін қоюға рұқсат етіледі. Бірақ бұл негізінен киім-кешек сатушыларына ыңғайлы», – деді Алматы ӨКП директорының орынбасары Айтуар Қошмамбетов.

 Сонымен қатар қоғамдық жерлерде шылым шегуге тыйым салынуы назарға алынды.

«Қазір Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте қоғамдық тамақтану нысандардың барлығында темекі, қорқор және электронды шылым шегуге толық тыйым салу бойынша өзгерістер енгізу туралы Заң жобасын әзірлеу жүріп жатыр. Шылым шегу жекелеген бөлмелерде ғана рұқсат етіледі. Шылым шегуге арналған залдар бұл заңмен алынып тасталады, бірақ бұл заң жобасы қабылданған жоқ.  Біз ҚР Рестораторлар клубы, ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірігіп, бұл сұрақты талқыладық және хат жазып, өз позициямызды білдірдік. Мұндай өте түйткілді мәселеде толық тыйым салу болатынын түсіну қажет, біздіңше, кәсіпкерлер бұған әлі дайын емес», – деді Айтуар Қошмамбетов.

 Рестораторлар клубының өкілдері қоғамдық тамақтану ел бюджетіне жақсы табыс әкеліп жатқанын айтты. Ал сигараттер мейрамханада сатылатын өтімді тауар болып отыр.

 «Қазіргі таңда егер қоғамдық тамақтану нысанында жабық кабиналары болмаса, онда адам ғимараттар 15 метрге алшақтап, шылым шегуі керек, бірақ ол тротуар, қоғамдық орын болады. Нәтижесінде – қай жерде болады, қай жерде болмайтыны түсініксіз. Денсаулық сақтау министрлігі реттеушілік әсерді талдау жүргізгенін, осыған байланысты бізге экономикаға қалай әсер ететіндігі және денсаулыққа қалай әсер ететіндігі туралы тәуелсіз көзқарас қалыптастыруды ұсынылғанын айтып өткізгіміз келеді. Рестораторлар клубына стандарттар әзірлеу бойынша ұсыныс түсті. Бұл стандарттар HoReCa категориядағы барлық демалыс орындарына орта болады, олар бәрі жалпы стандарттарға келтірілетін болады. Сондықтан қазір бағдарламаға атсалысып, бізбен бірге жұмыс істеу керек. Республикада HoReCa қалай жұмыс істейтіні осыған байланысты болады», – деді Рестораторлар клубының өкілі Гүлнар Катибаева.

 Кездесу барысында басқа да мәселелер көтерілді, ал өз сұрақтарын айтуға үлгермеген кәсіпкерлер оларды Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасына жазбаша түрде жолдай алады.

 Сонымен қатар кәсіпкерлерге арнап бизнес жүргізуге арналған консультациялар, «Бизнес-мектеп» жобасында оқу шарттары және жаңа пайдалы ресурс – Atameken services мүмкіндіктері таныстырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер