«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының 24 жеңімпазы анықталды

2018 жылғы 04 Желтоқсан
- Астана қаласы
7101 просмотров
24 елордалық кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бизнесті дамытуға бағытталған гранттарға ие болды.
 
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша биыл байқау алғаш рет жаңа форматта өтті. Біріншіден, жобаларды тыңдауы кезеңі барлық үміткерлердің қатысуымен ашық форматта өтті. Екіншіден, дауыс беру үрдісі толығымен автоматтандырылды, комиссияның мүшелері онлайн режимінде, гаджеттің көмегімен байқаушылардың ұпайларын қойды. Үшіншіден, стартап демалыс күнінің уақыт регламенті үлгісін қолданып, сөйлеуге 3 минут, сұрақтар мен жауаптар үшін 1 минут берілді.

Жобаларды тыңдау «Astana Hub» IT-стартап халықаралық орталығында онлайн-трансляция арқылы 5 күн бойы өтті, кәсіпкерлерден білім, денсаулық сақтау, жеңіл өнеркәсіп және т.б. салаларына қатысты 280 өтініш келіп түсті. Жобалар жаңа бизнес-идеялар, бәсекеге қабілеттілік және бизнеске дайындық критерийлері бойынша бағаланды. Байқау қорытындысы бойынша 24 кәсіпкер грант алды. Бұл байқау жыл сайын өткізіледі.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік гранттар беру конкурсы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды:

  • «Есимова» ЖК «Тимур»
  • ЖК «Рембыт Астана»
  • ЖШС «Q 18»
  • ЖШС «Бяшарова»
  • ЖК «Zaf Leather»
  • ЖК «Айдарбекова А.С.»
  • ЖК  «Momentum»
  • ЖШС «Акишева C.C.»
  • ЖК «Наурызбаева»
  • ЖК «Green tal»
  • ЖШС «Сыздыкова А.Н»
  • ЖК «Аспан лайф»
  • ЖШС «Informatiх»
  • ЖШС «Zima C.S. Kazakstan»
  • ЖШС «Petit Jan»
  • ЖШС «Институт социальных технологий»
  • ЖШС  «Чиндалиева»
  • ЖК «Душукенова Айнагуль Рахамжановна»
  • ЖК  «GSSR»
  • ЖШС  «Yeszhan»
  • ЖК  «ВIК orken» 
  • ЖК «Яс-Нур»
  • ИП «Толеутай»


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер