«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Татьяна Шапкина: Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың мүмкіндігі

2018 жылғы 07 Қыркүйек
- Астана қаласы
4984 просмотров

Қазіргі таңда елімізде әйелдер кәсіпкерлігіне назар аударылып жатыр. Күннен күнге кәсіпкер қыз-келіншектердің саны артып келеді. Олардың ел экономикасына қосқан белсенді рөлі шағын және орта кәсіпкерліктің көрсеткішімен дәлелденіп отыр.

Биылғы жылы іскер әйелдердің экономикалық белсенділігін қолдау мақсатында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі «Қазақстан Халық банкі» АҚ және Еуразиялық топпен бірігіп, шағын несиелеу бағдарламасын қолға алды.

  «Шағын несиелеу бағдарламасы ерекше. Ол әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталаған, бұл жақсы мүмкіндік емес пе? Өйткені, әйелдер кәсіп ашуға немесе қолданыстағы бизнестің кеңейтуге қажетті несиені жеңілдікпен ала алады. Астана қаласы Іскер әйелдер кеңесінің отырысында біз барлық жобаларды, олармен бірге жүретін құжаттарды қарадық. Мақұлданған жобалардың барлығын «Қазақстан Халық банкі» АҚ қарауына жібердік. Бүгінде несие алған алғашқы кәсіпкерлер барына қуанып отырмын. Оларға сәттілік тілегім келеді», – деді Астана қаласы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Бағила Бисембаева.

 «Этуаль» сұлулық орталығының жетекшісі Татьяна Шапкина несие алған алғашқы кәсіпкерлердің бірі.

«Мен Астанаға 2000 жылы келдім. Өзім орыс тілінің мұғалімімін, бірақ елордаға көшіп келіп, ұзақ уақыт жұмыс таба алмадым. Күшімді басқа арнаға бұру мүмкіндігі туып, жаңа машық үйрендім. Уақыт өте келе кәсіп ашуды қолға алдым да сұлулық салондарын аштым. Жыл сайын клиенттік база артып келеді. 2012 жылы біз жаңа қалада ашылдық.  Сұлулық саласы үнемі жаңғыруды талап етеді, жаңа технологияларды қашанда игеріп отыру керек. Оы ретте маған шағын несиелеу бағдарламасы көмектесті. Осы мақсатпен Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгіндім. Жаңа бағдарлама кәсіпкер әйелдерге арналғаны қуантты. Салыстырса, бизнесте әйелдер азырақ. Осындай қолдау бола берсе, іскерлік дамиды. «Атамекендей» қолдаушы болғаны қандай жақсы. Сіздермен байланысты нығайта түсемін», – деді Татьяна Шапкина.

Жеңілдетілген пайызбен шағын несиелеуге қол жеткізген Татьяна бьюти саласында бағалы бет күтіміне арналған екі аппарат сатып алды. Сонымен қатар жаңа педикюр креслосы, маникюр мен педикюрге арналған аппараттар алынды. Француз косметикасын сатып алу бойынша келіссөздер жүргізілуде.  

Айта кетелік, шағын несиелеу бағдарламасына заңды тұлғалар, шаруа қожалықтар мен жеке кәсіпкерліктер қатыса алады. Ең басты критерий – кәсіптің иесі әйел болуы керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер