«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Арнайы комиссия тауар өндірушілердің сатып алудағы мәселелерін қарады

2018 жылғы 19 Маусым
- Астана қаласы
5213 просмотров

 Астанада Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, жиын барысында жанармай-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық бойынша мемлекеттік сатып алулар саласында отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері талқыланды.

Комиссия жұмысына Астана қаласы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Жанармай-энергетикалық кешені басқармасы, Астана қаласы Активтер мен мемлекеттік сатып алулар басқармасының өкілдері, жобалық ұйымдар, бас мердігерлер, сонымен қатар отандық тауар өндірушілер қатысты.  

«5 енгізудегі жылу магистралі құрылысы» мемлекеттік лот мәселелері бойынша комиссия көмегіне «ArcelorMittal Tubular Products Aktau» АҚ төрағасы Абдат Бердаулетов жүгінді. Спикердің айтуынша, жобалық-сметалық құжаттамаға магистарльдің жалпы ұзындығына сай – 3,3 км көлемінде шетелде өндірілген тік тігінді құбырларды сатып алу енгізілген. Ал «ArcelorMittal Tubular Products Aktau» компаниясы ҚР Мемлекеттік стандарттарына сәйкес түрлі диаметрлерде «иректелген» құбырларды өндіреді. Алайда отандық тауарды пайдалануға құрылыс компаниялар құлшыныс танытып отырған жоқ. Абдат Бердәулетов артықшылық ретінде иректелген құбырлар тік тігінді құбырларға қарағанда төзімді, бағасы арзан, қауіпсіз келетінін айтты.

 «Материал сондай-ақ тасымалданатын сұйықтықтың негізгі ағымынан тыс дәнекерлеуді орналастыру мүмкіндігін қамтиды, бұл өз кезегінде магистральдық құбырларды апаттық бұзылу жағдайында тәуекелдер мен шығындарды азайтады», – деп нақтылады Абдат Бердәулетов.

 Шағымды естіген соң  Астана қаласының Жанармай-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы отандық өндірушінің құбырларымен шетелдік өндіріс құбырларын ауыстыру мүмкіндігін ескере отырып, тапсырыс берушінің, бас мердігердің, жобалау ұйымының және «ArcelorMittal Tubular Products Aktau» компаниясының әлеуетті өнім берушінің қатысуымен техникалық кеңес өткізуді ұсынды.

 Жиын барысында комиссия болып қойған сатып алулар бойынша отандық  тауар өндірушілердің тауарын қолдану мәселелерін және Комиссия мен отандық тауар өндірушілердің бас мердігермен ары қарай ынтымақтастық орнату ұсынысын қарастырды. Атап айтқанда әңгіме екі мердігерлік құрылыс нысандары: Астана қаласында су құбырларын салу және жөндеу және Астана гидротүйінінің 1-ші көтерілісіндегі сорғы станциясын техникалық қайта жарақтандыру қатысты болды.

  Жоғарыда аталған нысандар бойынша жергілікті қамтудың үлесі 90%-ды құрайды. Алайда, бас мердігерлер Қазақстанда жасалған құрылыс материалдарын, жабдықтарын, өнімдері мен конструкцияларын міндетті пайдалану, соның ішінде тендерден кейінгі бақылаудың болмауына байланысты талаптарды әдетте сақтамайды.

 Комиссия жиын қорытындысы бойынша жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін, тауарларды, өнімдерді, отандық өндірістің материалдарын сатып алуды бақылауды бағдарламалық қамтамасыз ету және бағалау комплекстеріне және техникалық қадағалауға барынша енгізуді ұсынды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер