«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бізге түгел төленбейтін сияқты». Музыканттар неден шектелуде және кафе иелеріне неліктен айыппұл салынады?

2018 жылғы 30 Мамыр
- Астана қаласы
7918 просмотров

Бұл сауалдардың жауабын Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында қарастырды

«Абырой», «Колпи» және «Аманат» атты үш компаниямен келісімшарт жасалған. Біздегі заң бір уақытта бірнеше авторлық қоғамдастыққа тіркелуге мүмкіндік береді. Өкініштісі, олардың қызметінің ашықтығын түбегейлі түсінбеймін. Музыкант ретінде мейрамханада менің әндерім орындалғаны үшін ақша алғым келеді, ал мен оны алмаймын. Ал бизнесмен ретінде де қоятын сауалым бар. Мысалы, егер менің мейрамханамда бір кеште 100 шығарма орындалса, қаражатты қалай төлеуім керек? Компоцизияларды есеп беруде қалай есептеу керек?» ­- деп нақтылады Ерлан Көкеев.

Орындаушы Қазақстанға ұжымдық негізде мүліктік құқықты басқаратын ұйымдардың санын азайтып, ұйымдардың бақылауын күшейту қажет шығар деген ұсынысын білдірді. Көп жағдайда авторлар тиесілі ақшаны алмайды, алса да жыл өткен сайын ол сома азайып келеді.

«Менің сауалым бар, авторлықты алғаныңа көп болды ма?» - деп сұрады Қыдырәлі Болманов әріптесінен.

Қазақстанда ұжымдық негізде мүліктік құқықты басқаратын 9 ұйым жұмыс істейді. Ай сайын фонограмма авторлары мен құқық иеленушілеріне сыйақы ретіндегі сома төленеді. «Қазақстанның авторлық қоғамы» бас директорының орынбасары Серік Исаев ұйым ҚР Әділет министрлігіне ай сайын есеп беретінін айтты. Оның айтуынша есеп ашық және отандық кез келген артист оның әні қанша жерде ойналғаны туралы мәліметті ала алады. Ал бизнес тарапы ай сайын алынатын ауқымды сома құқық иелеріне дейін жетпейді деп шағымданды.

«Бізде 2 мыңнан аса кафе, дүкен, мейрамхана бар. Қолданушылар мен орындаушылардың тізімі бар. Оған ресейлік, шетелдік және отандық орындаушылар кіреді. Тізімге рұқсат етілген композициялар енген және кәсіпкерлер ай сайын қандай композиция орындалғаны туралы есеп береді. Одан кейін жарна төлеп, авторлық орындаушылар мен авторларға қаражат аударамыз», ­- дейді Серік Исаев.

Авторлық ақының көлемін құқық иеленуші анықтайтынын атап өтті. ҚР Үкіметінің қаулысында ең төменгі сыйақы 0,2 АЕК шамасында деп көрсетілген. Ол бекітілмеген, ұжымдық негізде мүліктік құқықты басқаратын ұйымдарды  оны арттыруға құқылы. Бұл туралы Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімішілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Гүлмира Молдағалиева айтты. Оның түсіндіруінше Ұлттық палатаға бизнес тарапынан өтінім жиі түседі. Бүгінде Астана қаласының кәсіпкерлер палатасында 4 өтінім жатыр, оның біреуі бойынша жұмыс аяқталды.

Мысалы, «LA STRADA» караоке-барының иесі Данияр Кенкенов жарты жыл бұрын ғана кәсіпті ашса да, оған ресейлік авторлардың 8 әні орындалғаны үшін 5 млн 772 мың теңге айыппұл салынған. Кәсіпкер түсіндіріп өткендей, ұжымдық негізде мүліктік құқықты басқаратын ұйым ордер жолдамаған, ұйым қызметкерлері композиция ойналған сәтті мобильді телефонға түсіріп алған.

«Талап арызында мекенжайды дұрыс көрсетпеген. Сот менің қатысуымсыз шешім шығарған», ­- дейді кәсіпкер.

Кеңес ұжымдық негізде мүліктік құқықты басқаратын ұйымға бизнеске айыппұл салмай,  алдымен құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу ұсынысын білдірді. Сонымен қатар сыйақы төлеуге қатысты дауларды сотқа дейін реттеу тиімділігін арттыру маңызды. Бастысы – қолданушылардан сыйақы жинау және құқық иеленушілерге төлеу механизмін барынша ашық ету.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер