«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астана қаласының кәсіпкерлер палатасында жаңа басшы

2018 жылғы 21 Мамыр
- Астана қаласы
8974 просмотров

Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы басшылығына  Әлен Түлкібаев тағайындалды

«Атамекен » ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы және өңірлік кәсіпкерлер палатасы кеңесінің шешімімен – Астана қаласы кәсіпкерлер Палатасы басшылығына Әлен Түлкібаев тағайындалды.

Ол бұған дейін  «Атамекен» ҚР ҰКП  Қаржы және бухгалтерлік есеп департаментінің директоры – Басқарушы директоры болды.

 Әлен Түлкібаев 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.  Білімі жоғары. М.В. Ломоносов атындағы  Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Экономика магистрі. Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Қаржы министрлігінен бастаған. Одан кейін экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Бәскелестікті қорғау агенттігінде жұмыс істеді. 2013 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында түрлі лауазымды қызметтерді атқарды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер