«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада капсулалы қонақүй ашылды

2018 жылғы 16 Мамыр
- Астана қаласы
7188 просмотров

Астананың «Нұрлы жол» теміржол вокзалы аумағында «Road star» атты капсулалы қонақүйдің ашылу салтанаты өтті.

Қонақүй бизнесіндегі жаңаша иедяны қолға алған Жібек Әділбақытқызы. Іскер әйел «Бизнестің жол каратсы-2020» бағдарламасы бойынша 3 млн теңге көлемінде мемлекеттен қайтарымсыз қаражат алды. Ал кәсіпкерлік негіздерін Жібек Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы өткізген тренингтерден меңгерді.

«Бірегей бизнес идеялар көп адамдарда бар, алайда оларды жүзеге асыру үшін арнайы білім керек, ал ол білімді сенімді жерден оқу керек. Кәсіпкерелік негіздерін мен Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы қабырғасынан оқыдым. Онда мамандар бизнес-жоспар құруды үйретті, оны мен ойдағдай қорғап шықтым да грантқа ие болдым», – деді кәсіпкер.

 Жаңа қонақүй капсулалы бөлмелерді ұсынады, әр капсулаға бір ғана адам сияды. Меймандарға жағдай жасау мақсатында бөлмелер – ерлер және әйелдер бөлмелері болып екі аймаққа бөлінген.

 «Капсулалы бөлмелер желдеуіш жүйесімен, темір есік, сырғанамайтын сатымен жабдықталған. Ыңғайлылық тізбесіне сонымен қатар орталық бақылау пернесі, Smart TV/Audio, жағдан, интернет, жазу үстелі, гигиеналық заттар кірген. Әр қонақ үйде жууну бөлмесінің болуы маңызды. Мұнда жууну бөлме бар, онда орамал, сусабын, шайғыш құралдар, тіс щеткалары ескерілген», – деді Жібек.

 Капсулалы бизнес бойынша халықаралық тәжірибеге көз жүгіртсек, мұндай қонақүйлерге деген сұраныс күннен күнге артып келеді. Олардың ішінде Лондондағы  Хитроу әуежайы, Мәскеудегі  Шереметьево әуежайы, Токиодағы Нарита, Абу-Дабидегі әуежай, Бейжіңдегі Шоуду бар.

 «Қонақүйде бөлмені жалдау құны 2-5 мың теңге аралағында, меймандар үшін барлық жағдай қарастырылған», – деді кәсіпкер.

Жаңа қонақүйді ашу арқылы 6 адам жұмыспен қамтылды.

2018 жылы «Нұрлы жол» вокзалында жолаушылар ағыны ұлғаяды деп күтілуде. Бұл жайт вокзалдағы қызмет көрсетуді арттыруды талап етеді.  Капсулалы қонақүйді ашу Астана қаласы вокзалының тартымдылығын арттырады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер