«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордада толық форматтағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашу ұсынылды

2018 жылғы 16 Сәуір
- Астана қаласы
5862 просмотров

Астана қаласы кәсіпкерлерінің жыл сайынғы конференциясында Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағамбетов толық форматтағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашуды ұсынды. Оның айтуынша Ұлттық палатаның 7 бастамасын жүзеге асыру аясында 5 маңызды мәселе шешілген.

Жер учаскелері, энергетикалық қуаттылық пен инженерлік-коммуникациялық желілерге қосылу туралы ақпаратты онлайн алу қамтамасыз етілді. Сауда мен қоғамдық тамақтануға бос орындарды алуға қатысты мәселеде бизнесмендерге 600 сауда орны берілген. Өңірлік дамыту институттарын күшейту аясында әлеуметтік кәсіпкерлік кооперативтер жобалары жүзеге асырылды, атап айтқанда «Көше саудасына арналған 1000 сауда орны» жобасы, «ASTANA TAXI», «Газ құю жобасы», «5000 тонна көкөніс сақтау қоймасы», «Сапаржай-Астана» ЖШС жекешелендіру (автовокзал), «Целинсельмаш Астана» ЖШС, «Азық-түлік қауіпсіздігі».

«Қазіргі таңда Астана қаласында толық форматтағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашу мәселесі пысықталуда. Мұндай жоба Алматы облысында 1,5 млрд теңге сомасында жүзеге асырылды. Бұл «бір терезе» қағидатымен қызмет көрсететін орталық. Онда кәсіпкерлерге бизнес-жоспар дайындайды, мемлекеттік қолдау шараларына қатысты кеңес береді, сонымен қатар мемлекеттік органдар да қызмет көрсетеді», – деп ұсыныс білдірді Ғани Тасмағамбетов.

Өз кезегінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев бұл ұсынысты қолдап, жаңа ғимараттың құрылысы айтарлықтай уақыт алатынын атап өтті.

«Толық форматтағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын дайын алаңдарда ашуға болады, осылайша бизнеске көмек көрсетіледі», – деді Әсет Исекешев.

Мұнымен қоса елорда Палатасының директоры №2 индустриялық парк аумағында шағын индустриялық аймақ құруды ұсынды. Бұл бастама шағын және орта кәсіпкерліктің 130-дан астам кәсіпорынында 18 000-ден астам жұмыс орнын ашу мүмкіндігін бермек.

Жалпы алғанда Астана экономикасының дамуында өңірлік жалпы өнім құрылымындағы шағын және орта кәсіпкерлік үлесі – 57,4%, инвестиция көлемі 1 жылда 10%-ға артып, 944 млрд теңгеге жеткен. Бүгінде шағын және орта кісіпкерлік субъектісінің саны 100,8 мың бірлікке жеткен, ал шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндердің саны 294 мыңнан 325,2 мыңға дейін өскен.

Палатаның басым бағыты – бизнестің құқығы мен заңды мүддесін қорғау. Бұл бағытта Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі ауқымды жұмыс атқарып отыр, оның қызметі аясында былтыр 312 өтінім қаралып, 100 мәселе оң шешілген. Аталған кезеңде кәсіпкерлік субъектісі жалпы слмасы 4,77 млрд теңгеге қорғалған.

Ғани Тасмағамбетов баяндамасында Астананың азық-түлік белдеуін қалыптастыру, импортты алмастыру, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, адами капитал, туризмді дамыту аясында атқарылған жұмысқа, сондай-ақ елорданың экономикалық дамуының әлеуетті тетіктеріне тоқталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер