«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада әлемдегі бірінші Robo Cube мектебі ашылды

2018 жылғы 10 Сәуір
- Астана қаласы
6043 просмотров

Елордадағы жас кәсіпкер Айбар Үсенов әлемдегі бірінші білім беру мақсатында Robo Wunderkind модулін қолданатын Robo Cube мектебін ашты.

Кәсіпкердің айтуынша бұрыннан ойға алғаны стартаперлерге берілетін мемлекеттік грантты ұтып алғаннан кейін жүзеге асқан.

«Қазіргі таңда Назарбаев университетінің 2-курсында оқимын. Мектеп ашуды 2016 жылы ойға алдым. Дәл сол кезде жас кәсіпкерлерге берілетін мемлекеттік грант туралы біліп, өз ісімді ашуға шешім қабылдадым. Астана қаласы кәсіпкерлер палатасында тегін бизнес курстары арқылы кәсіпкерліктің қыр-сыры жайлы білім алдым», - деп ой бөлісті Айбар Үсенов.

Қазіргі таңда Айбар Астананың 20-дан астам кішкентай тұрғынына сабақ береді. Алдағы уақытта жеке кәсібін ұлғайтуға ниетті.

«Robo Wunderkind  модулі кез келген адамды бағдарламалау негіздеріне үйрету мақсатында құрастырылған, бұл жай ғана ойыншық емес, нағыз оқытатын модуль, IT-технологиясы саласында ойлау қабілетін дамытады. Ең бастысы аталған өнім балаларды робот техникасы мен бағдарламалау негіздеріне 5 жастан бастап оқытуға көмектеседі. Мектепте балалар ерте жастан-ақ электроника бойынша күрделі тапсырмаларды орындай бастайды, яғни балалар ойлауды, құрастыруды және жоспарлауды үйренеді. Бұл біздің ұлтымыздың нағыз бәсекеге қабілетті ететін қасиеттер емес пе?! Елбасы айтқандай болашақ – инновацияда!» - деп түсіндірді жас кәсіпкер.

Бұл жетістікпен тоқтап қалғысы келмейтін жас кәсіпкер робот техникасын дамыту саласына арналған тағы бір жобаны қолға алған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер