«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ЭКСПО – Қытаймен байланыс орнатудағы мүмкіндік

2017 жылғы 21 Маусым
- Астана қаласы
7691 просмотров

Елордалық кәсіпкерлер «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде Цзянсу провинциясы апталығы аясында Қазақстан-Қытай бизнес-форумына қатысты   

Бұл шараны Қазақстан инвестициялық ынтымақтастық агенттігі мен ҚХР Цзянсу провинциясының халықаралық саудасын жүргізу жөнінде Қытай комитеті ұйымдастырған болатын. Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы атсалысуымен бизнес-форумға астаналық кәсіпкерлер де қатысты.

Қытай тарапын 100-ден астам делегат таныстырды, олардың ішінде Цзянсу провинциясының саясат және қоғам қайраткерлері, жеңіл өнеркәсіп, химия, балалар тауары өндірісі, қоқысты өндеу, туризм, энергетика, қызмет көрсету салаларындағы іскер корпорациялар өкілдері болды.

Шара ұйымдастырушылары провинцияның экономикалық әлеуеті туралы айтып, қазақстандық бизнеспен өзара байланыстың дамуына ынталы екендерін жеткізді.

Қытай елшісі Чжань Ханьхуэй берген ақпаратқа сәйкес, Цзянсу Қытай Халық Республикасының шығысында орналасқан, 80 млн тұрғыны бар провинция. Бұл аймақ Қытайдың жауһары саналады, провинция экономикалық даму, агро және индустриялық өнім шығару бойынша көшбасшы.

Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы директоры Ғани Тасмағанбетов осы шараның маңыздылығын атап өтті.

«Қытай компанияларымен Астана аймағынан шықпай тығыз байланыс орнату үшін бұл жақсы мүмкіндік. «ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі жұмысының аясында осындай бизнес-форумдар, В2В форматындағы кездесулер жиі өткізіліп тұратын болады. Жоспар бойынша Қазақстанға Қытайдың 24 провинциясынан делегациялар келеді деп күтілуде», – деді Ғани Тасмағанбетов.  

Жалпы форум қатысушылары экономикалық жаһандану, дүниежүзілік сауда мен дамушы елдер өсуіне әсер ететін кешенді мәлімдеулер аясында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының келешектегі дамуын атап өтті. Тараптардың айтуынша «ЭКСПО-2017» екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайтуға тиімді ықпал етеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер