«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қытай институты қазақстандық студенттерге грант ұсынып отыр

2017 жылғы 30 Мамыр
- Астана қаласы
8104 просмотров

Қытай жоғары оқу орны өкілдері Астана студенттірнің техникалық біліміне тәнті болды

Астанаға Ляньжоу ресурстар мен қоршаған орта кәсіптік-техникалық институтының делегациясы келді. Делегацияның сапары аясында Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы қонақтарға Астананың политехникалық колледжіне экскурсия ұйымдастырды. Сөйтіп, екі білім орадасы өкілдері тәжірибе алмасты.

Тараптар өздері жұмыс істейтін білім ордаларының материалды-техникалық жабдықтауы туралы айтты. Білім беру мен ғылыми жұмыс бойынша мүмкін болатын ынтымақтастық жолдары талқылады, сондай-ақ студенттер алмасу да сөз болды.

 Ляньжоу ресурстар мен қоршаған орта кәсіптік-техникалық институты профессоры Ши Нинго  Ляньжоу институты құрамында бірнеше техникалық колледж барын хабарлады. Колледждерде бағдарламалау, туризм, қонақ үй шаруашылығы, мұнай және газ, агро саласы мамандықтары бойынша оқытады.

 «Егер қазақстандық студенттер бізде оқығысы келсе, онда институт орналасқан Ганьсу провинциясы басшылығы шетелдік студенттерге шәкіртақысы бар гранттық оқу түрлерін ұсынады. Сонымен қатар біз жатақхана бөлеміз», – деді профессор  Ши Нинго.  

Профессордың айтуынша Қытай колледжінде оқу мерзімі – 3 жыл. Бірінші оқу жылында студент қытай тілін меңгеруге жұмсайды. Соңғы екі жыл техникалық пәндер оқытылады.

Астана политехникалық колледжі мамандары қытай қонақтарға колледж шеберханаларын көрсетті. Шеберханаларда студенттер құрылыс, техникалық қызмет көрсету, жол жүру ережелері бойынша кәсіби білімдерін шыңдайды. Делегация өкілдері колледждің материалдық-техникалық жабдықтауына тәнті болды.

Тараптар оқытушылары мен шеберлердің біліктілігін арттыру келешектігін де талқылады.

«Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды жақсарту бойынша белсенді жұмыс атқарып келеді. Елорда студенттерінің білімін шыңдау үшін осындай халықаралық байланысты орнатуда қолдау көрсетуге дайынбыз. Айта кетейін осыған дейін бұл делегация Алматы қаласы колледжерімен танысып келген. Оларды біздің әріптестер Алматы кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері қарсы алды», – деді Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы сарапшысы Жанар Төребекова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер