«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» бизнестің медициналық мекемелердің құрылыс нормаларын өзгертуге қатысты ұсынысын қорғап қалды

2017 жылғы 23 Мамыр
- Астана қаласы
7365 просмотров

Соңғы жылдары жеке меншік медицина секторы қарқынды даму үстінде

Медициналық орталықтар тұрғын үйдің бірінші қабатында және медициналық құрылысқа арналған жаңадан салынған ғимараттарда ашылып жатыр. Алайда, құрылыс барысында және ғимаратты қайта жоспарлауда кәсіпкерлердің алдынан медициналық мекеменің құрылысына сонау Кеңес одағы кезінен қолданып келе жатқан ескірген ережелер мен қағидалар шығады. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнес-қоғамдастықтың өкілдері «Емдік-профилактикалық мекемелердің» құрылысына қойылатын 3.02-8-2010 нормалар мен мен ережелерді өзгертуге қатысты бірнеше рет хабарласты.  

«Атамекен» ҰКП Қызмет көрсету саласы департаменті 2017 жылдың басында ҚР Индустрия және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй шаруашылығы істері комитетімен бірге денсаулық сақтау нысандарының құрылысына қойылатын ескірген нормалар мен ережелерді жетілдіру бойынша жұмыс бастады. Мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау саласындағы бизнес-қоғамдастық өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобының отырысында бизнес-қоғамдастық тарапынан түскен ескертулер мен ұсыныстар қаралып, қызу талқыланды, таяу және алыс шет елдердің тәжірибесі зерделенді.

Жұмыс тобы жасаған жиындардың нәтижесінде бизнес-қоғамдастық тарапынан 80-нен астам ұсыныс қабылданды.

  • Қамтылу күші аз  амбулаториялық-емхана мекемелері (150 орыннан аз) үшін жаңа талаптар жасалып, енгізілді.

  • Жедел жәрдем көмек көрсету станцияларының орындары мен аудандары жетілдірілді.

  • Полимеразалық тізбек реакция зертханасы үшін ауданы мен орын жасалып, енгізілді. Полимеразалық тізбек реакция – нақты уақыт режимінде және Иммуноферменттік талдау зертханасында диагностика жасау.

  • Көнерген нормалар алынып тасталды, құрылыста жаңа технология енгізілуіне орай нысанның ауданы мен талаптары қысқартылды.

Денсаулық сақтау нысандарының құрылысына қойылатын нормалар мен ержелерге өзгерту енгізілгеннен кейін, тәжірибеде қолдану ыңғайлы әрі жеңіл болды. Қабылданған азайтулар инвесторлар үшін де ыңғайлы, мемлекеттік-жеке-меншік секторында инвестор тартуға да қолайлы, сондай-ақ медициналық орталықтардың санын арттыруға, қуаты аз медициналық мекемелердің медициналық қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер