«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Міндетті медициналық сақтандыру: қанша төлейміз және қанша аламыз?

2017 жылғы 23 Мамыр
- Астана қаласы
13115 просмотров

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуде көптеген сұрақтар туындап отыр

Ең алдымен, қаржыға байланысты: халық қанша төлейді және ол ақшаға не ала алады? Бүгінде жеке меншік емханаларда ақысы онсыз да арзан емес, сондықтан, ең бастысы медициналық қызметке үстеме ақша төлеп жүрмейміз бе?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ең алдымен жұмыс берушілер 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап қызметкерлердің еңбекақысынан 1% аударады. 2022 жылға қарай аударымдар көлемі 3% дейін артады.

Өзін-өздері жұмыспен қамтыған азаматтар, оның ішінде жеке кәсіпкерлер, келісімшартпен жұмыс істейтін адамдар айына 2 айлық еңбекақы көрсеткішінен 5% немесе 2884 теңге аударады және бұл өспейтін болады.

Белсенді емес немесе өнімсіз жұмыс істейтін тұрғындардың, оның ішінде үй шаруасындағы әйелдер, таксистер, ұсақ қосалқы шаруалық иелері медициналық сақтандыру қорына 2018 жылдан бастап ай сайын 1 айлық еңбекақы көрсеткішінен 5% немесе 1414 теңге аударады.

Мемлекет халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобы үшін 2018 жылдан бастап орташа еңбекақы көлемінен 3,75% көлемінде  жарна төлеуді бастайды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ешқандай жарна төлеуі қажет емес әлеуметтік топ тізімі ауқымды: зейнеткерлер, мүгедектер, балалар мен студенттер, көп балалы аналар мен бала күтімімен отырған әйелдер және т.б. – олардың қатарында 10 млн астам отандас бар.

Жалдамалы жұмыскерлер 2019 жылдан бастап ай сайынғы еңбек ақысынан 1% және 2020 жылы 2%-ға дейін арттыра отырып, жарна төлейтін болады.

Ал адамдар осы үшін ақша ала ма?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың пакетінде мемлекеттің кепілдендірген медициналық қызметінен бөлек, медициналық қызмет түрлерінің өте үлкен тізімі енгізілген. Оның ішінде емханада қызмет алу, дәрігерлер қабылдау, түрлі тексерулер, рецептуралық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, стационарда емделгені үшін төлем. Сонымен қатар, сақтандырылған адам түрлі операцияларды жасатуға құқылы, оның ішінде бүгінде екі себеппен қол жеткізу қиынға соғып отырған бағасы қымбат оталар бар: мемлекет есебінен кезекте тұрғандар саны көп немесе ота қаражаты қалта көтермейді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің ең басты артықшылығы – бәсекелестіктің арқасында медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру мүмкіндігі. Мұны түсіндіру оңай. Білікті дәрігерлерге науқастар жиі баратын, клиенттерге жақсы қызмет көрсеткен емханалар көп табыс табады. Осылайша, азаматтар кейбір медициналық мекемелердің шарықтаған бағасына шығынданбайды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры келісімшарт жасалған ауруханаға қатысты шығынның барлығын өз мойнына алады. Ариори қоры үнемділікке және қаражатты барынша тиімді жұмсауға мүдделік танытып отырғаны да маңызды. Сондықтан көрсетілген қызметтің толық орындалуы мен сапалылығы алдыңғы орындағы мақсат екені анық.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер