«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елорда кәсіпкерлерінің шағымы бар

2017 жылғы 11 Мамыр
- Астана қаласы
5676 просмотров

Еліміздің жиһаз жасаушылары отандық тауар өндірушілердің мемлекеттік сатып алуларға қатысу көрсеткіші төмен екенін атап өтті

Елорда әкімдігінде Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы қала әкімдігімен бірлесіп құрған ведомствоаралық комиссияның мемлекеттік сатып алулар саласында отандық тауар өндірушілерді қолдауға қатысты кезекті отырысы өтті.

Оның барысында отандық тауар өндірушілер, сатып алушылар мен тапсырыс берушілер бірқатар мәселелер көтеріп, мемлекеттік сатып алуларда жергілікті қамту үлесін арттыруға қатысты сауалдарын қойды.

Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов Астана қаласы Қаржы басқармасының мәліметінше, 2016 жылы құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алулардағы жасалған келісімшарт 11,9 млрд теңгеге жеткенін, алайда сатып алынатын тауарларда, жұмыстар мен қызметтерде жергілікті қамту үлесі әлі де өзекті мәселе болып отырғанын атап өтті.

«Астана қаласы құрылыс басқармасы» ММ 2016 жылғы қорытындысы бойынша жергілікті қамту үлесі 99,97%. Бұл ақпарат бұрмаланған, себебі жұмыс пен қызметтегі жергілікті қамту үлесінің есебі дұрыс нақты емес. Басқарманың сатып алудағы басым көпшілігі сатып алынатын тауарларда келісімшартта қарастырылған жұмыс пен қызметте жергілікті қамту үлесін бақылай алмайтын жұмыстардан тұрады», ­– деп атап өтті Ғани Тасмағамбетов.

Әкімдіктің мәліметінше, 2017 жылы Астана қаласы құрылыс басқармасының сатып алу жоспары 22 млрд теңгеден асады, оның ішінде 90%-дан астамы «жұмыс» бабына сәйкес келеді.

«Жоғарыда аталғандар мен «жұмыс», «қызмет» тармақтарында қарастырылған сатып алынатын тауарларда жергілікті қамту үлесін бақылау қажеттілігін ескере отырып, Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы посттендерлік бақылау институтының жұмысын енгізуді ұсынады. Бұл еңбеу, жұмыс, қызмет сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесін айтарлықтай білуге мүмкіндік береді», ­– деп түсіндірді Ғани Тасмағанбетов.

Астана қаласы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ержас Айтуғанов қазіргі таңда 2017 жылға бекітілген 19 құрылыс нысаны бойынша тапсырыс берушілерді анықтау процедурасы жүргізіліп отырғанын, басқарма отандық тауар өндірушілерді барынша тартуға тырысатындығын хабарлады.

«Біз барлық тендерді өткізіп болған соң, тізімді мемлекеттік сатып алу басқармасына береміз және жеңімпаздар туралы ақпарат пен олардың байланыстарын сайтқа жариялаймыз», – деді Ержас Айтуғанов.

Қатысып отырған кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде сметаны ескі бағада дайындау үлкен мәселе тудыратындығын айтты. Нәтижесінде, тендерді ұту үшін олар барынша жеңілдік жасауға мәжбүр, болжам жасау тиімсіз және құрылыс сапасына әсер етеді.

Ержас Айтуғанов бұл айтқанмен келісіп, көптеген жобалар басқа бір бағада дайындалатынын, нарықтағы баға мүлдем басқаша өзгеріп кеткен соң белгіленген жоспардан әлдеқайда кеш жүзеге асырылатынын атап өтті.

«Біз кей жағдайда келісіп, кей жерде үнемдеп, кей жерде артығырақ қосып, нысанды барынша жабуға тырысамыз», - деп атап өтті ол.

«Ақжан» сауда белгісімен жиһаз щығаратын «ДД21» ЖШС жиректоры Қанат Ибраев кәсіпорындардың жиһаз сатып алуында отандық тауар өндірушілердің үлесі төмен екенін айтты. Оның мәліметінше, 2016 жылы кеңсе жиһазының 64,4% шетелдік өндірушілерден сатылып алынған, тек 35,6% отандық кәсіпкерлердің өнімі. Кәсіпорындардағы жиһаздың 91,1% онсыз да импорттық, тек 8,9% қазақстандық тауар.

«Цифрлық мәліметтер тапсырыс берушілер мен құрылыс жүргізетіндердің отандық тауар өндірушілерге еген сенімі төмен екенін көрсетеді. Тұрғындар басқаша таңдау жасайды, айталық, асүй жиһазының 63,3% жергілікті өндірушілерден сатып алынады», ­– деп атап өтті Қанат Ибраев.

Астананың жаңа вокзалы мен «Экспо» жобаларына отандық жиһаз компаниялары аз тартылған. Атап айтқанда, «ЭКСПО» нысанында отандық жиһаз жасаушыларды шетелдік жиһазды төмен бағамен тасымалдайтындар ығыстырады. Осылайша, отандық жиһаз нарығының үлесі орташа алғанда 23-29%.

Сонымен қатар кәсіпкерлер Астана индустриалдық паркінде бірегей кәсіпорындар жұмыс істейтіндігін, алайда толықтай іске қосылмағанын айтты. Жергілікті тапсырыс берушілердің тарапынан қолдау болса, олар бар күшімен жұмыс істей алар еді.

Сондай-ақ қазақстандық тауар екенін растайтын жалғыз құжат ретінде СТ-KZ сертификатының маңыздылығы жайында айтты.

Отырысты қорытындылай келе, Ғани Тасмағанбетов құрылысшыларды сапасы да, тәжірибесі де бар жергілікті өндірушілерді қолдауға шақырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер