«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астана кәсіпкерлеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертті

2017 жылғы 03 Мамыр
- Астана қаласы
7014 просмотров

ЭКСПО-2017 қарсаңында мейрамхана, қонақ үй, қызмет көрсетудің басқа да нысандары иелері арасында алдын алу жұмыстары жүргізілуде  

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастамасымен Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы алаңында мейрамханалар, қонақ үйлер, кафе, сондай-ақ басқа да ойын-сауық нысандарының иелеріне өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндірме семинары өткізілді.   

 Төтенше жағдайлар департаменті  өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы Орал Абдрахмановтың айтуынша ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу науқанында ведомство төтенше жағдайларды алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатқандарын хабарлады. Семинар ең бірінші «тәуекелі анағұрлым жоғары нысандар» категориясына жататын объектілері бар кәсіпкерлер арасында өткізіліп отыр.

Семинар барысында Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі турситтердің ауқымды легі келген кезеңде өрт қауіпсіздігін қатан ұстану қажеттігін ескертті. Қазірден бастап ғимараттардағы өртке қарсы автоматика мен құрылғылардың жұмысын тексеріп көру, эвакуациялық шығу жолдарды көрсететін ақпараттық тақтайшаларды ілу сынды жұмыс атқарылуы керек. Өртті алдын алу мақсатында қызметкерлер мен қонақ үй меймандары арасында да нұсқаулық жұмыстары жүргізілуі тиіс.  

 «Жыл сайын өрт шығу тәуекелі жоғары нысандарға тексеру жұмыстарымен барамыз. Әдетте бұл ірі қонақ үйлер мен адам көп шоғырланатын нысандар. Бүгінгі семинар басқа топтағы нысандарға бағытталып отыр. Менің ойымша Қазақстанның әр азаматы мен Астана қаласының тұрғыны ЭСПОға келетін қонақтарға барынша қолайлы жағдай жасап, орасан зор жобаның сәтті өтуіне үлес қосуы керек. Сіздерді қарапайым сақтық шараларына жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Жуырда бізге әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар келеді, біз оларды абыроймен күтіп алуымыз керек», – деді Орал Абдрахманов.

Ведомство өкілі өрт қауіпсіздігінің жоспарлы  тексерудің баламасы ретінде нысан иесінің қалауымен өрт қауіпсіздігі аудитын жүргізуге болады (яғни нысан иесі шешімімен өрт құраларын тексеруге болады). Егер тексеру аудиты нәтижесі жақсы болса, кәсіпкер үш жылға дейін тексеруден босатылады.    

«Статистикаға сүйенсек, өрт салдарына зардап шегуші ретінде де, куәгер ретінде д әр үшінші адам тап болады. Жыл сайын технологиялар дамыса да өрт әлі де қауіпті тілсіз жау. Оны тек ережелерді ұстану арқылы ауыздықтауға болады», – деді Төтенше жағдайлар департаменті басшысы.  

Ведомствоның бастамасын кәсіпкерлер қолдады. Нысан иелері қауіпсіздік шаралараына жауаппен қарайтындарын жеткізіді. Қазақстан қонақ үйлер мен мейрамаханалар қауымдастығы өзінің мүшелерін қажетті ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу  жауапкершілігін алды.   

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер