«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жоспардан тыс тексеруге қандай негіз бар?

2017 жылғы 18 Сәуір
- Астана қаласы
18128 просмотров

Кәсіпкер назарына: кәсіпкерлік субъектілеріне жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін заңмен негізделген себеп болуы керек. Мәселен, тексеруші органға анонимді өтінім арқылы белгілі бір кәсіпкерге шағымдану бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілмейді. Тексеруші органдар тарапынан себепсіз тексерулер жиілеп немесе құқық бұзу фактілерін болдыртпас үшін тексеруге негіз болатын жағдайларды біле жүріңіздер.

Жоспардан тыс тексеруге себеп болатын жағдайлар:

1) Тексерудің нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынымдардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;

2)  Құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру қатерінің туындауы туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

3) Құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, зиян келтіру қатерінің туындауы туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

4) Құқықтары бұзылған жеке тұлға мен заңды тұлғадардың (тұтынушылар) өтінімдері;

5)  Адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары;

6)  Адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша мемлекеттік органдардың өтініштері;

7) Тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алу мақсатында тексерілетін субъектінің азаматтық-құқықтық қатынастары болған үшінші тұлғаларға қатысты жүргізілетін қарсы тексеру;

8)  Тексерілетін субъектінің бастапқы тексеруге келіспейтіні туралы өтінішіне байланысты қайта тексеру;

9) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының тапсырмасы негіз болып табылады.

 10) Салық төлеушінің өтінімдері, мәлемдеулері мен сұрақтары Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Заңының 627-бабымен анықталған;

11) Уәкілетті орган тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, тексерудің өзі басталғаны туралы хабарламаны беру ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңында бекітілген.

12) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерде ҚР Заңнамасы талаптары бойынша тәртіп бұзушылықтарды анықтау жағдайында сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру.

Тексеруші органға анонимді өтінім арқылы белгілі бір кәсіпкерге шағымдану бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілмейді. Жоспардан тыс тескеру жүргізу кәсіпкерліктің нақты субъектілері мен объектілері бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізуге себеп болатын фактілер мен жағдайларда жасалады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер