Астанадағы Іскер әйелдер кеңесінің атаулы дәрісханасы ашылды
«Атамекен» ҰКП жанындағы Астана қаласы Іскер әйелдер кеңесінің КАЗГЮУ университетінде атаулы дәрісханасы бар.
Аталған шара «Эндаумент КАЗГЮУ» корпоративтік қорының бір жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Астана кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы еліміздегі үздік университеттердің қабырғасында атаулы дәрісхананы ашуға мүмкіндік туғанын, бұл еліміздегі білім берудің дамуы мен жақсаруына бағытталған бірегей жобаға қатысуға мүмкіндік беретіндігін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ, бұған дейін КАЗГЮУ университеті мен Іскер әйелдер кеңесі арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық жөнінде жасалған меморандум аясында атаулы дәрісхана оқу тренингтері мен семиинарларын өткізетін, Кеңес мүшелерінің оқу орын студентеріне шеберлік сағаттарын ұйымдастыратын алаңға айналмақ.
Мұнымен қоса, Кеңес әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында Астанадағы іскер әйелдер арасында байқау ұйымдастырылғанын хабарлады. Байқау жеңімпаздарына КАЗГЮУ университетінде «Іскерлік әкімшіліктендіру магистрі» мамандығы мен Қашықтықтан оқыту орталығында (заң, халықаралық құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит) оқуға екі грант беріледі.
Байқау 2017 жылдың 3 сәуір күні басталды, 31 мамырда аяқталады.
Байқау талаптары «Университет КАЗГЮУ» АҚ www.kazguu.kz ресми сайтында жарияланған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: