«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салық саласына қатысты сауалдар

2017 жылғы 31 Қаңтар
- Астана қаласы
5921 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы Мемлекеттік кірістер департаментімен және Бухгалтерлер орталық үйімен бірге Салық кодексіндегі негізгі өзгерістерді түсіндіруге арналған семинар өткізіп, оған 500-ден астам бухгалтер қатысты

Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағамбетов өз сөзінде, 2016 жылы 3000-ға жуық кәсіпкер тегін кеңес алғанын айтып, олардың арасында 1000-нан астам адамға бухгалтерлік және салық есептерін жүргізу бойынша кеңес берілгенін атап өтті. «Бұдан кәсіпорын жұмысында бухгалтерлік және салық есептерінің қаншалықты маңызды рөл атқаратын аңғаруға болады», – деді Палата басшысы. Аталған семинарды өткізудегі басты мақсат – ҚР заңдарындағы өзгерістерді, елорда кәсіпорындары қызметкерлеріне түсіндіру арқылы, Астананың бизнес-климатын жақсарту, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен бизнестің өзара байланысын нығайту болып табылады.

Семинар барысында, Астана қаласы Бухгалтерлер орталық үйінің өкілдері 2017 жылдан бастап өз күшіне енген, салық заңындағы негізгі өзгертулер мен таяу арада өзгертіледі деп жоспарланып отырған түзетулер туралы айтып берді. Сонымен бірге, электронды түрдегі шот-фактураларды міндетті түрде беру ережелері, аудиторлық қорытынды нәтижелері, корпоративті кіріс салығы, жекелей кіріс салығы мен өндірістік емес төлемдер нәтижелері бойынша, жекелей салық төлеушілер санатының қызметін тоқтату мәселелері түсіндірілді.

Семинарға Астана қаласы Статистика департаменті қызметкерлері де қатысты. Олар өз кезегінде, алғашқы статистикалық мәліметтерді ұсыну тәртібін бұзғаны үшін, әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселелеріне тоқталды.

Кәсіпкерлерге, сонымен бірге, бухгалтерлік және салық есептерін жүргізу барысында жиі жол берілетін қателіктер мен өзге де негізгі мәселелерге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетерлігі, семинардағы сұрақтардың басым көпшілігін Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Бухгалтерлер клубы өкілдері қойды. Клубтың негізгі мақсаты – заңдағы түйткілді мәселелерді түсіндіру арқылы қаржылық есеп, салық салу, бухгалтерлік есеп саласында бухгалтерлердің біліктілігін арттыру мен кәсіптік даярлығын жүзеге асыруға ықпал ету болып табылады. Клубқа мүше болу әркімнің өз еркі әрі тегін.

Бухгалтерлер клубы мүшелерінен келіп түсетін салық кодексін жетілдіруге қатысты ұсыныстар, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жанындағы Салық және кедендік басқару мәселелері жөніндегі консультативтік кеңес отырыстарында қаралатын болады.

Ал, семинардың екінші жартысы «сұрақ-жауап» форматында өтті. Семинар барысында қойылған сауалдармен және олардың жауаптарымен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер