«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жарықтың қадірін қараңғыда түсінесің

2017 жылғы 27 Қаңтар
- Астана қаласы
10024 просмотров

Астанада зағиптарға арналған ерекше бизнес-тренинг өтті

«Metropolitan business school» ЖШС мен «Аспан арыстаны» қайырымдылық қоры» «Түнектегі сәуле» корпоративтік қорын құрып, Қазақстандағы зағип және көру қабілеті нашар жандарды жұмыспен қамту мақсатымен, бірегей қозғалыс ұйымдастырды. Осылайша Германиядан арнайы шақырылған мамандар, зағип жандарға кәсіпкерлік саласы бойынша тренинг өткізудің қыр-сырын үйретті. Мәселен бизнес-жоспарлау, жобаларды басқару, коммуникациялар, көшбасшылық қасиеттер, топ құру және тағы басқалар. Алдымен, тәлімгерлер арнайы мамандар көмегімен тренингтер өткізеді, одан кейін біртіндеп оқу семинарларын өздері де жүргізе бастамақ. Мұндай, қараңғыда өтетін тренингтердің аудиториясы – көру қабілеті төмен жандар, кәсіпкерлер және тың білімді ерекше форматта сіңіргісі келіп, мүмкіндігі шектеулі жандардың өзін-өзі қалыптастыруына атсалысқысы келетін тұлғалар.

«Мен, бизнес-мектептің негізін қалаушы ретінде, үнемі жаңа идеялар іздеймін. Сол сияқты «түнектегі тренинг» идеясы ойға оралды. Бұл қызықты жоба және оның әлеуметтік тұрғыдан берері мол. Жылдар өтіп, кәсіптік деңгейің артқан сайын, қоғамға пайдасы тиер іс жасауға ұмтылады екенсің. Сол себепті, мен бұл жобаны тек коммерциялық тұрғыда ғана емес, сондай-ақ, осы санаттағы жандарға расымен септігін тигізе алатын ауқымды қозғалыс ретінде қолға алу керек деп шештім», – дейді  «Metropolitan business school» ЖШС жетекшісі Айнагүл Ахметова.

Бұл ретте, жобаның  басты мақсатын түсіндіру әрі оның маңыздылығына көз жеткізу үшін, Астанада интерактивті экспозиция ұйымдастырылған еді. Оған кәсіпкерлер, қайырымдылық қорлары, зағиптар бірлестігі мен барлық шараға қатысуға ниет білдірген жандар шақырылған. Айта кетерлігі, шара қараңғыда өткізілді. Ол үшін, арнайы бөлме жабдықтандырылып, қатысушылардың ұялы телефондары сөндірілді. Қараңғыда өткізілген мұндай шара қатысушылары, бірден өздерін жайсыз сезініп, тіпті, қараңғылықтан қорқатындарын да жасырмапты. Ал, кейбірі қараңғыға төзе алмай, бөлмеден сыртқа шығуға мәжбүр болған. Ал, біршама уақыттан кейін, «қараңғы түнекте» әуен ойнап, ән шырқала бастаған. Бұл – зағип жандардың орындауындағы әсем әуезді ән еді. Осылайша, болашақ зағип тәлімгерлер, осы қара түнек мекеннің қорғаушысы боламыз деген тілек білдіріпті. Ал, Германиядан келген тәлімгерлер Штефан Хельч пен Феликс Шультесс, қараңғылықтың өзге әлем екенін, оның ерекше энергиясы бар екенін  және мұнда адамның қабылдау қабілетінің өзгеше болатынын түсіндірген екен.  Мұнда кез келген мекемедегі сияқты топпен бірге жұмыс жасап, бір-біріне жәрдем беру сынды  қағидаттарға сүйене отырып, жұмыс істеу керек деді мамандар. Сонымен қатар, қатысушылар қолдарындағы гаджеттерге назар аудармайтындықтан, өздерінің бар назары мен ықыласын естіген, көрген нәрсесіне аударып, ақпаратты барынша көп әрі тез сіңіре алады екен. «Біз жылдар бойы түрлі тренингтер арқылы мекемелерді ұйыстыруға тырысамыз. Алайда мұның барлығы тек теория ғана. Теорияда біз бәрін түсінуге талпынамыз.  Сосын, қараңғылық орнайды да, тәжірибеден басқа ештеңеге сүйене алмайтынымызды түсінеміз. Осындай қорытындыға келгеннен кейін, біз жарықты жағып, бұрынғыдан да нәтижелі жұмыс жасап, бір-біріміздің дауысымызды, пікірімізді бағалайтын боламыз», – деп атап өтті Хенч.

«Мен үшін мұның барлығы тың нәрсе, сол себепті, жаңа білім мен тәжірибе жинағым келеді. Алғашқыда өз мүмкіндігіме сенбедім, сосын, бізге бәрін тыңғылықты үйретіп, барлығын іс жүзінде көрсеткеннен кейін, өзімен деген сенімділік пайда бола бастады»,– деді тілшілерге сұхбат берген болашақ бизнес-тәлімгер Фархат Катренов.

Алдағы уақытта өз ісін ашқың келе ме деген сауалға, болашақ тәлімгер былай деп жауап берді: «Әрине. Әзірге оның бәрі тек уақыттың еншісінде. Осыған орай тек кәсіпкерлікпен ғана шектелмей, қоғамға да өз пайдамды тигезсем бе деймін. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі жандарды өз тобыма алғым келеді. Себебі, мұндай жандарға, қазіргі уақытта жұмыс табу – өте қиын, ал бір жәрдемақыға өмір сүру, өздеріңіз білесіздер, мүмкін емес», – дейді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер