«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қытай өлкелері көрмеге белсенді қатыспақ

2016 жылғы 14 Қазан
- Астана қаласы
9519 просмотров

Қытайдың 10 өлкесі Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысады

Бұл туралы Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорымен кездесу барысында ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданының  Халықаралық сауданы қолдау жөніндегі комитет басқармасы төрағасының орынбасары Джанг Ииинг хабарлады.

Кездесу барысында қытай делегаттарымен бірге екі ұйымның өзара қарым-қатынасының негізгі бағыттары, сонымен қатар екіжақты сауданың дамуы талқыланды. 

Астанадағы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов Қазақстан кәсіпкерлерінің, жекелей алғанда Астананың, ШҰАА-ны (Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданы) экологиялық таза өніммен қамтамасыз етуге дайындығы мен мүмкіндігін атап өтті.

Қытай делегациясының басшысы Джанг Ииинг мырза өз кезегінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Қытайдың 10 өлкесі, оның ішінде ШҰАА қатысады деп хабарлады. Соған байланысты, ШҰАА делегациясының Қазақстан астанасына келудегі негізгі мақсаты – Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасымен тығыз қарым-қатынас орнату.

Кездесу соңында тараптар, Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы және ШҰАА өлкесінің Халықаралық сауданы қолдау жөніндегі комитеті ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға уағдаласты. Меморандум аясында сауда-экономикалық байланысты кеңейту, Астана және ШҰАА бизнес-қауымдастығы арасындағы іскерлік байланысты нығайту жоспарланып отыр. Оған пайдалы жобалар мен стратегиялық инвесторларды іздеу барысында ынтымақтасу, халықаралық сауда қызметін жүзеге асыру кезінде екі тараптың кәсіпкерлерін қолдау жатады.

Естеріңізге сала кетсек, ҚХР Халықаралық сауданы қолдау жөніндегі комитеті (ССPIT) – бұл жалпықытайлық сауда ұйымы. Оның құрамына елдегі бизнес өкілдері, өндірушілер және басқа да ұйымдардың өкілдері кіреді. Оның негізгі міндеті сыртқы сауданы ынталандыру, алдыңғы қатарлы технологияларды тарту, сондай-ақ Қытай мен басқа елдер арасында экономикалық және сауда байланысын дамыту. Комитет құрамында, экономиканың барлық саласында жұмыс істейтін 70 мың қытай кәсіпорны бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер