«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жекеменшік балабақшаларды дамыту қажет

2016 жылғы 03 Қазан
8203 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Әлеуметтік сала комитетінің басшысы Талғат Доскеновтің пікірінше, Қазақстанда жекеменшік балабақшаларды дамыту үшін тиісті жағдайлар жасалмаған

Қазақстанның мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығы «Атамекен» Ұлттық палатасымен, Астана қалалық білім беру басқармасымен және «Нұр Отан» партиясының астаналық филиалымен бірлесе отырып, «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында Мұғалімдер күніне арналған салтанатты шара өткізді. 

Бұл шараның мақсаты мектепке дейінгі білім беру саласындағы кәсіпкерлікті қолдау, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар дәрежесін арттыру болып отыр. Палата атынан кездесуге Төралқа мүшесі, Палатаның әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов қатысты.

«Бүгінде Ұлттық палата мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке үлкен көңіл бөледі. Осыған байланысты, біз бұл шараны мектепке дейінгі білім беру мекемелері қауымдастығымен бірлесе өткізіп отырмыз. Не үшін? Бүгінде жекеменшік балалар мекемелерінің дамуына кедергі келтіріп отырған проблемалар бар. Оның мәні мынада: тұрғын үй қорынан шығарып, тұрғын үй емес қорына рәсімдеу және ауыстыруға екі жыл уақыт кетеді және Астанада оның құны 5-10 млн теңге тұрады. Жекеменшік білім беру мекемелерінде мұндай ақша жоқ. Осыған байланысты көптеген мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тіркеуге тұра алмай жатады. Яғни, кәсіпкер 2 қабатты тұрғын үйді мектепке дейінгі мекеме ретінде берген болуы мүмкін. Ал ол рәсімделмеген. Осылайша, бұл мекемелер назардан тыс қалып отыр», – деп мәлімдеді ол.

Т.Доскеновтің айтуынша, мемлекет мектепке дейінгі жекеменшік білім беру ұйымдарын дамыту үшін жағдай жасау керек, Бұл, әсіресе, Қазақстанда балабақшалардың жетіспеуін ескергенде аса маңызды деп атап өтті ол.

Іс-шара барысында мерекелік концерт өтті. Оған жекеменшік балабақшалар тәрбиеленушілері қатысты. Кездесуге келген жекеменшік балабақшалар құрылтайшылары салтанатты шара кезінде құттықталып, алғыс хаттар табысталды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер