«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық жиһазға қызығушылық оянса...

2016 жылғы 08 Қыркүйек
- Астана қаласы
9537 просмотров

Қазақстандық жиһаз өндіруші кәсіпорындар әрбір тапсырыс берушінің жеке сұранысы бойынша жиһаз жасап шығаруға дайын

Ол туралы ҚР Жиһаз жасау және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының директоры Қанат Ыбыраев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің және Кәсіпкерлер палатасының  директоры Ғани Тасмағанбетовтың қатысуымен, құрылыс саласындағы сатып алудың жергілікті қамту мониторингі бойынша өткен комиссияның кезекті отырысында баяндады.

Бұл жолы жиынға құрылыс, жиһаз жасау және ағаш өңдеу компанияларының өкілдері қатысты. Шара барысында сөз алған Қанат Ыбраев, отандық жиһаз өндірушілер кепілге қойылған смета құнына кіру үшін, тапсырыс берушілермен бірге оңтайлы нұсқада жұмыс істей алатынын атап өтті. «Бұл эконом немесе премиум стандарт болсын, бәрібір көрші елдерден сатып алғаннан арзанырақ болады. Ақша табу керектігі түсінікті жағдай. Алайда ол ақылға сай жүргізілуі керек. Қажетті материалдарға ақша үнемдеуге болады. Бірақ біз сапалысын сатып алуға тырысамыз. Мысалы, жинақтау сияқты, көптеген техникалық шешімдер бар. Сол сияқты өте қымбат емесін пайдалануға болады», – деп атап өтті ол.

Салалық бірлестіктің басшысы қазақстандық жиһаз өнімдерінің шетелдерде үлкен сұранысқа ие екенін атап өтті. Мысалы үшін, олар Қытайда 1000 пәтерлі үйді жиһазбен қамтамасыз еткен. Қатарында Ресей, Италия сынды елдер бар, халықаралық көрмелерде бірнеше рет жеңіске жеткен.

Өкінішке орай, Қанат Ыбыраевтің айтуынша, көпшілігі жиһаздарды өзімізден емес, өзгеден сатып алуға құмар.

«Мен жақында 24-ке тарта қонақ үй кешенін салушыларды араладым.  Олар жиһазды Малайзиядан, енді бірі Сингапур, Қытайдан алып келгісі келеді. Өзара түсіністік мүлдем жоқ», – деді қауымдастық басшысы.

Ол баршасын жергілікті жиһаз өндірушілерді қолдауға шақырды және де жиһаз жеткізушілерді жақсылап таңдауға кеңес берді. Өйткені, отандық тауар өндірушілердің атын жамылып шетелдік жиһаздарды өткізетіндер бар.

Отырыс барысында қатысушылар, құрылысты жоспарлау кезеңінен бастап, ең алдымен Қазақстанда жасалған тауарларды пайдалану керек екенін есте ұстаған жөн деген ойға келді. Және де оларға қолдау білдіріп, сенім арту керек. «Осылайша көпшіліктік көмегімен қолдау білдіріп, Қазақстандағы отандық тауар өндірушілердің кәсібін  дамыта аламыз», – деді Ғани Тасмағанбетов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер