«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әйелдердің іскерлік білімін жетілдіру жолында

2016 жылғы 05 Қыркүйек
- Астана қаласы
9931 просмотров

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесі мен Қазақ гуманитарлық заң университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Құжатқа Астана өңірлік Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің  басшысы Бағила Бисембаева мен Заң университеті Басқарма төрағасының орынбасары Надежда Коробко қол қойды.

Меморандум аясында тараптар білім саласында ынтамақтасуға келісті. Яғни бірлесіп дәрістер, семинарлар, конференциялар ұйымдастырып, астаналық әйелдердің кәсібін дамыту және қолдау мақсатында басқа да жұмыстар жүргізеді.

Бағила Бисембаева Астана бизнесінің басшысы ретінде, жоғары мамандандырылған заңгерлер мен құқықтанушылардың кәсіпкерлік нарыққа аса қажет екенін атап өтті. «Кәсіпкерлерге сала бойынша мамандандырылған заңгерлер қажет. Мысалы, денсаулық және сұлулық сынды салалардың барлық қыр-сырын меңгеруі керек. Бүгінде бізде әмбебап-заңгерлердің қарасы көп. Біз Қазақ Гуманитарлық Заң университеті студенттерінің Іскер әйелдер кеңесінің компанияларында және басқа да тілек білдірген кәсіпкерлердің өндірістік тәжірибеден өтуіне көмектесуге дайынбыз. Осылай бірлесудің арқасында түлектердің білімі артып, еңбек нарығына тез бейімделіп кететініне сенімдімін», – деді Бағила Бейсембаева.

Надежда Коробко бұл идеяны қолдап, 2016 жылы ҚазГЗУ-да аз қамтылған әлеуметтік топтардан шыққан студенттерді қаржыландыруға қосымша ресурстар мен көмек тарту үшін «Эндаумент КАЗГЮУ» корпоративтік қоры құрылғанын айтты. Биылғы жылы қор аясында жас аналарды қашықтықтан оқыту үшін 10 грант бөлінді. Енді олар үйінен шықпай-ақ жоғары білім ала алады.

«Біз Іскер әйелдер кеңесімен бірге жас кәсіпкер қыз-келіншектерді MBA немесе DBA бағдарламалары бойынша оқыту үшін гранттар бөлу идеясын қарастырып жатырмыз. Бұл стартапшылар үшін жақсы мүмкіндік», – деп атап өтті Надежда Корбко.

Меморандум 5 жылға есептелген. Осы мерзім өткеннен кейін, тараптардың келісімімен уақытын ұзартуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер