«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Білім іздеп жүріп, серіктес тапты

2016 жылғы 28 Маусым
- Астана қаласы
8329 просмотров

Германияда «Іскерлік байланыстар» оқыту бағдарламасы бойынша білім алған бизнесмен ТКШ саласындағы бірқатар проблемаларды шешу үшін, энергия ресурстарын есептеу технологиясын тапты  

Бүгінде «ASITEK» астаналық компаниясы қауіпсіздік, күзету-өрт дабылы және бейнебақылау жүйелерін енгізумен айналысады. Алайда болашақта компания тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жаңа бағыт – Германияда сатылатын автоматтандырылған энергия ресурстарын есептеу приборларын орнатуды және сатуды көздеп отыр.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүзеге асырып отырған «Іскерлік байланыстар» мемлекеттік бағдарламасының арқасында компанияның даму жөніндегі директоры әрі ортақ иесі Жанат Аманбаев таяуда осы елге барып, оқып қана емес, сонымен бірге, елдегі ТКШ саласындағы бірқатар проблемаларды шеше алатын жаңа шешімдер тауып келген.

«Біз алдын ала неміс тарабымен келіскен болатынбыз, технологиялар туралы толық білу үшін жеке кездесу қажет болды. Бұл мүмкіндікті бізге Ұлттық палата «Іскерлік байланыстар» арқылы беріп отыр», – деп айтып берді Жанат Аманбаев.

Өте қатаң іріктеуден өтіп, неміс тарапының алдында бизнес-жоспар құрып, кәсіпкер алдымен Қазақтанда, кейіннен Германияда оқып келген.

«Қазақстанда бізді келіссөздер жүргізу өнеріне, мәдениетаралық менеджментке үйретіп, қабылдаушы тарап менталитетінің ерекшеліктерін түсіндірді. Біздегі Қазақстандағы топты мен жай ғана білім алғысы келетіндер  және шын мәнінде  бизнес-жобасын іске асырғысы келетіндер деп бөлер едім. Мен өзімді екінші топқа жатқызамын, себебі мен ол жаққа нақты мақсатпен – немістермен кездесіп, жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, бүкіл ТМД аумағындағы айрықша дистрибьютерлік алу үшін бардым», – деді Жанат Аманбаев.

Оның айтуынша, Германиядағы оқу жақсы ұйымдастырылған. Қабылдаушы тарап тегін Wi-Fi  бар, оқу орталығына жақын жердегі қонақүймен қамтамасыз етіп, бизнес-сапарлар және Германияның Volkswagen секілді ірі өндіріс орындарына таныстыру сапарларын ұйымдастырған. Бағдарламаның әрбір қатысушысы апта сайын 100 евроға тең шәкіртақы алып отырған, ал оқу соңында немістер тіпті түскі асқа кеткен шығынды қатысушыларға жұмсалмай қалған қаражатты бөлу арқылы өтеп те берді.

Жанат Аманбаевтың айтуынша, неміс бизнесмендері казақстандық бизнесмендерден айтарлықтай айырмашылығы бар. Мәселе біздікілер жақсырақ немесе нашарлау дегенде емес, олар мүлдем өзгеше.

«Немістерде отбасылық бизнес жақсы дамыған, әрқайсысының өз артықшылығы бар. Мәселен, олар 300 жыл бойы алманың түрлі 350 сортын өсірумен айналыса алады. Немістер өз ісіне жан-тәнімен берілген, өз ісіне адал, барлығын сапалы әрі еппен істейді, біздің қазақстандық кәсіпкерлерге де олардан үлгі алуды тілеймін», – дейді бизнесмен.

Бұдан басқа неміс бизнесмендері өз бизнестерін 3-5 жылға емес, аз дегенде 10 жылға жоспарлайды. Жоспарлауға олар уақытының 70%-ына дейін жұмсайды, ал 30%-ы міндеттерді іске асыруға ғана кетеді.

«Немістер үшін ақша емес, сенімді серіктестер маңызды», – дейді Жанат Аманбаев.

Оның айтуынша, неміс кәсіпкерінің тілін бір рет тапсаң, онымен ұзақ жылдар бойы жұмыс жасауға болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер