«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шығындарды өтеу шарттары жеңілдетілді

2016 жылғы 17 Маусым
- Астана қаласы
8188 просмотров

2016 жылы «Өнімділік-2020» бағыты бойынша мемлекет қазақстандық  кәсіпорындардың бірқатар шығындарын өтеу үшін 500 млн теңгеден астам қаржы бөлгені белгілі

Бұл туралы  «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ («ҚИДИ» АҚ) басқармасы төрағасының орынбасары Талғат Тұрлыбаев астаналық Кәсіпкерлер палатасында еске салды. «ҚИДИ» АҚ өкілдері ӨКП алаңында  кәсіпкерлерге «Өнімділік-2020» бағыты аясында мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары мен механизмдерін түсіндірді.

«Өндіріске өз күшін салатын, оны жақсартатын, жаңа жабдық сатып алатын, мамандарын оқытатын кәсіпорындар мемлекет тарапынан қолдау күтуіне болады. «Өнімділік-2020»  2011 жылдан бастап жұмыс істейді, 2015 жылы шығындар өтеуді алу шарттары жеңілдетілді. Енді барлық шешімдерді институт өзі дербес қабылдайды, сондықтан кәсіпорындарға ақшалай қаражат бөлу рәсіміне 10-15 күн кетеді», – дейді Талғат Тұрлыбаев.

«ҚИДИ» АҚ бас сарапшысы Абзал Жармұхамбетов шығындарды өтеу түріндегі қолдау шараларын  акциздік өнім өндірушілерден басқа,  өндіретін өнеркәсіп  орындарының барлығы алуына болады  деп түсіндірді.  Мемлекет индустриалды-жаңашыл жобаның кешенді жобасын әзірлеу және/немесе сараптауға (лизингтік қаржыландыруды алуға арналған индустриалды-жаңашыл жобаның кешенді жобасын әзірлегені үшін, Карта жобаларын техникалық-экономикалық негіздемені әзірлегені және/немесе сараптағаны үшін), кәсіпорын  құзыретін арттыруға (кадрларды дайындау және/немесе қайта дайындау, оның ішінде топ-менеджерлерді, сарапшыларды тарту жолымен үздік өндірістік іс-тәжірибе енгізу), технологиялық үдерістерді жетілдіруге, өндірісті  ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға  байланысты шығындарды  институт арқылы өтейді.   

«ҚИДИ» АҚ өкілдері кәсіпорындар  көздеп, күтетін шығындар мен соманы өтеуге арналған өтінімдерді  беру рәсімдерін кәсіпкерлерге егжей-тегжейлі түсіндірді.

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасы  директорының орынбасары  Алмат Жүнісов бұл шаралар аумақтық кластерді дамыту және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп атап айтты.

«Бизнесті мемлекет ұсынатын қолдау құралдарын  белсене пайдалануға шақырамын»,– дейді Алмат Жүнісов.

Кәсіпкерлер бұл тақырыпқа құлшына ден қойды және семинар-мәжіліс барысында өздерін ойландыратын барлық сұрақтарға жауап алды, кейбірі мемлекеттік  қолдау шарасын міндетті түрде қолданамыз деп қадап айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер