«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үй жанындағы дүкен

2016 жылғы 11 Мамыр
- Астана қаласы
15410 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен халықтың қолданысына қажетті тауарлар мен азық-түлік өнімдерін арзан бағамен сататын дүкен ашылды

«HomeMart» сауда маркасымен ашылған сауда нысаны қолжетімді сипаттағы дүкенге айналып отыр. Тұжырымдамаға сәйкес, сауда дүкенінің клиенттері, жақын маңдағы тұрғындар болмақ. Дүкен сөресінен күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік, ет және сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, сусындар, сондай-ақ негізгі шаруашылық тауарларын таба аласыз.

«HomeMart» дүкенінен азық-түлік сатып алу қолайсыз деген тұрмыстық деңгейдегі түсінікке қарамастан, баға қала халқы үшін арзанға түспек.

«Біз делдалсыз тауарды тікелей жеткізуге қол жеткізіп отырмыз. Мұнда баға қаладағы орта бағадағы дүкендерден төмен. Сонымен қатар, біздің міндетіміз – отандық өнімдердің танымалдылығын арттыру болғандықтан, сауда нарығында кенжелеп қалған қазақстандық тауар өндірушілердің назарын өзімізге аударту болып отыр. Мәселен, біздің дүкенде сүт өнімдерінің 4 түрлі маркасы бар, оның екеуі танымал болса, қалған екі тауар маркасы елімізге белгісіз болса да өте сапалы», – дейді «HomeMart» жобасын басқарушы Марат Зайнуллин.

Кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге тауар қорабын қажетті деңгейде әсемдеуге көмек көрсету көзделген.

«Тауар сапасы жақсы, ал оның сыртқы қаптамасы өңсіз болғандықтан, сатып алушыларға теріс әсер ететіні сөзсіз. Осыдан кейін тауардың сатылымы болмайды. Сондықтан отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатымен тауарларының сыртқы қораптарын өңдеуге өз қаражатымызбен көмек көрсетеміз және ол үшін жоғары санаттағы дизайнерлер жұмыс жасайтын болады. Сондай-ақ, өзіндік тауар маркалары бойынша тиімді ынтымақтастық құруға шақырамыз», – дейді Марат Зайнуллин.

Оның мәліметінше, қазір дүкен сөрелерінен шетелдік тауарлармен деңгейлес отандық тауарларды табуға болады. Дүкен сөресінде тұрғаны үшін бірде бір тауарға төлем алынбайды.

Марат Зайнуллин: «Өндірушілерді іздестіруге, ең бастысы, отандық инвесторларды тартуға Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы көп көмек көрсетті. Палатаның арқасында өз дүкенімізді ашуға мүмкіндік алдық. Дүкен желілерін қала бойынша ашып, «HomeMart» франшизасын таратуды жоспарлап отырмыз», – деп ойын түйді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер