«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Челябі облысы үшін Қазақстан №1 серіктес!

2016 жылғы 11 Сәуір
- Астана қаласы
9236 просмотров

Челябі облысының сыртқы сауда айналымының үштен бір бөлігі Қазақстанмен жүргізіледі

Бұл туралы Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Челябі облысының губернаторы Борис Дубровский қатысқан Челябі облысының Астанадағы күндерінің ашылу салтанатында Челябі облысы экономикалық даму министрі Сергей Смольников айтып өтті.

Оның айтуынша, 2015 жылы Қазақстанмен сауда айналым 1,7 млрд долларды құраған. Экспорттың басты өнімдері: көлік, металл өнімдері, азық-түлік, химия өндірісінің өнімі, ағаш өнімі, тоқыма өнімдері, аяқкиім. Импортталған заттар ішінде минералды өнімдер, азық-түлік, металл өнімдері бар.

«Челябі облысы мен Қазақстан Республикасы арасындағы серіктестік бағыты біріккен өндіріс орындарын ашу бағытында дамымақ. Әсіресе, сіздердің елден станок, кран жасау кәсіпорындарын ашу, ауылшаруашылық техникасын жасап шығару, металл өңдеу, көлік құрастыру, жол-құрылыс техникасын өндіру басты назарда», – дейді Сергей Смольников.

Оның айтуынша, соңғы кездері Челябі облысы тек ірі индустриалды аумақ қана емес, дамыған аграрлы өңір ретінде де таныла бастаған.

«Бұған дәлел осы саладағы өнімнің көлемінің ұлғаюы. Мәселен, былтыр біздің облыста ауылшаруашылық өнімі 120 млрд рубльге теңесті, 2014 жылға қарағанда 23% артық. Сондықтан біздің ойымызша, ауыл шаруашылығына қатысты жобалар Қазақстанның кәсіпкерлеріне де қызықты болуы ықтимал» – дейді Сергей Смольников.

Астаналық кәсіпкерлер қауымдастығының атынан модератор болған Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының басшысы Ғани Тасмағамбетов қазақстандық кәсіпкерлер екі күнге белгіленген кездесуге мейлінше ашық екенін, серіктестік жобаларға дайын екенін атап өтті.

Астананың инвестициялық әлеуеті туралы астаналық әкімшіліктің Астананың инвестиция мен даму басқармасының басшысының қызметін атқарушы Қанат Исабеков айтып берді. Оның сөздеріне сүйенсек, былтыр Қазақстан астанасына құйылған инвестиция 4,3 млрд долларды құраған. 2010 жылы бұл көрсеткіш 2,6 млрд доллар ғана болған екен. Соңғы 18 жылда қала тұрғындары 275 мыңнан 870 мыңға дейін өсті. Жалпы өңірлік табыс көлемі 11 есе өскен. Қазір ол 23,3 млрд долларға теңелді. Адам басына шаққанда жалпы өңірлік табыс 8 есе көбейген – 27,7 мың доллар шамасында.

Қазақстандық жақ Астана экономикасына құйылатын шетелдік инвестицияға қызығушылығы бар екенін, оған лайықты жағдай жасалатынын аңғартты. Оның ішінде мемлекет пен жеке меншік иелері арасындағы серіктестік те қарастырылады.

Салыстыру мақсатында: Сергей Смольниковтің ақпараты бойынша 3,5 миллион халқы бар Челябі облысының жалпы өңірлік табысы соңғы он жылда 3,4 есе өскен. 291 млрд рубльден 985 млрд рубльге дейін. Жалпы өңірлік табыстың негізгі салмағы өндіріс меншігіне тиесілі. 36%-дан аса сома. Одан бөлек сауда, құрылыс, ауылшаруашылық салалары бар.

Салтанатты ашылу екіжақты инвестиция, кәсіпкерлік, туризм мәселелері бойынша қол қою келісімімен тәмамдалды.

Сол күннің аясында іскер аадмдар арасында B2B кезедсулер өтті. Туризмді дамыту бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Ертең Челябі облысының делегациясы Астананың ірі кәсіпорындарымен, мәдени, әлеуметтік нысандармен танысуға шығады. «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК АҚ басшылығымен кездеседі.

Облыстағы мемлекет пен жеке серіктестік туралы, ресейліктердің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауы бойынша серіктестік хақында Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары айтып беретін болады.

Челябі облысынан келген делегация тек іскерлік серіктестікпен шектелмей, мәдени, спорттық шараларға да қатысады. Бүгін «Барыс» пен «Трактор» атты балалар хоккей командаларының  жолдастық матчтар өтеді. Бейбітшілік пен келісім сарайында Оңтүстік Оралға арналған көркем фотосуреттердің көрмесі өтпек. Челябі облысының шығармашыл ұжымдарының концерті болады.

Астана мен Челябі облысы арасындағы серіктестік осымен 15 жылға созылып келеді. 2001 жылы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени серіктестік туралы Келісімге қол қойылғалы өнімді жұмыстар атқарылып жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер