«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ережеге сай бизнес

2016 жылғы 05 Наурыз
- Астана қаласы
9945 просмотров

Астанадағы кәсіпкерлер палатасында «Бизнес-мектеп» бағдарламасы бойынша оқыту басталып кетті

Жас кәсіпкерлерге арналған «Бизнес-кеңесші» курсын сәтті тәмамдаған биылғы жылғы алғашқы 31 түлек арнайы сертификаттарға ие болды.

«Бизнес-кеңесші» курсында кәсіпкерлікті жүргізудің негіздері оқытылады. Екі күннің ішінде тыңдаушылар адам ресурстарын басқаруды,  ЖШС, ЖК-ның құқықтық қырларын, қаржылық және салықтық әрекеттерді қоса санағанда, өз ісін қалай және неден бастау керек екенін меңгеріп шығады. Сонымен қатар, біз кәсіпкерліктің психологиялық ерекшелігін түсіндіреміз. Көбі өз ісің деген – еркін еңбек кестесі, аз жұмыс пен мол табыс деп ойлайтындықтан, бизнес ашуға ұмтылады. Бірақ, олай емес. Бизнес дегеніміз – тәулігіне 24 сағаттық жұмыс. Сондықтан да кәсіпкерлік көпшіліктің қолынан келе бермейді. Кәсіпкерлікпен айналысам деген адамда бірқатар тұлғалық қасиеттер, психология болуы керек. «Бизнес-кеңесші» курсын оқыту барысында біз адамға бұл оған керек дүние ме, әлде оған жалданып жұмыс істеген тиімдірек пе, соны түсінуге көмектесеміз», – дейді бизнес-тренет Светлана Каплина.

«Бизнес-мектеп» жобасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының төртінші бағыты – «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» аясында жүзеге асырылуда. Бизнесті дамыту мен жүргізуге қаржылық емес қолдау көрсету операторы – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Экономиканың барлық секторында әрекет ететін шағын және орта бизнес субъектілері тегін оқытылады.

«Бизнес-мектепте» әлеуетті кәсіпкерлерге бірнеше оқыту курстары қарастырылған. Алғашқы кезеңі – «Бизнес-кеңесші» бизнесін жаңа бастап жатқан шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған. Оқу интерактивті режимде практикалық жағдайлар мен жаттығуларды талдау арқылы жүреді.

«Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша білім алушылар білімін ары қарай «Бизнес-өсу» курсында жетілдірулеріне болады. Онда кәсіпкерілк әрекеттерді жүргізу мен жетілдіру функционалдық бағыттар бойынша оқытылады.

Үшінші кезең – тәлімгерлік қағидаты қолданылатын жобалық оқыту. Мұнда алғашқы екі кезең бойынша білім алған тыңдаушылар сұрыпталып, бағыттар мен жобалар бойынша топтастырылады. Кәсібін жаңа ашқан кәсіпкерге таңдауына қарай сол өңірде іске асыруға болатын бірнеше шағын жобалар ұсынылады. Сондай-ақ, жобалар «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» бизнес-анықтамалығынан алынады.

«Былтырғы жылы Астана қаласындағы Кәсіпкерлер палатасының негізінде «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті жүргізудің негіздерін 1017 адам үйреніп шықты, олардың 487-сі ер адамдар болса, 530-ы әйелдер. Келесі «Бизнес-өсу» курсын 41 адам тыңдады: 19 еркек, 22 әйел. «Бизнес-мектепті» тәмамдаған 188 адам (25,8%) өз бизнесін ашып, кеңейтті. Соның ішінде 10 шағын және орта бизнес субъектісі қаржылық институттардан қаражат алды. 33 адам ауылшаруашылығы, сауда, жүк тасымалдау, қызмет көрсету, өндіріс салалары бойынша жаңа бизнестерін ашты. 75 адам бұрыннан бар бизнестерін кеңейтіп, жұмыс орындарын ашып, тұтынушы базасын кеңейтті», – деп атап өтті Асатана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов.

Биыл Кәсіпкерлер палатасының астаналық базасында «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша 800-ден астам адамды, ал «Бизнес-өсу» бағдарламасы бойынша 40 адамды оқыту жоспарлануда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер