«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Армандар орындалады!

2016 жылғы 03 Наурыз
- Астана қаласы
10047 просмотров

Астана қ. Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен елордамызда жаңа балаларды дамыту орталығы ашылды

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында кәсіпкер Әсем Қалиева ықылас пен еңбекқорлыққа негізделген арманның міндетті түрде орындалатындығын тағы бір рет дәлелдеді.

«Менде бұл идеяның туындағандығына 15 жылдай болды. Өзім мұғалім әрі алты баланың анасы бола тұра, әрдайым балаларымызға қосымша сапалы білім беріп, оларды дамытуға көмектесетін орталық ашуды армандайтынмын. Алайда, ойым әбден «пісіп жетілген» уақытта, бұл ісімді бастау үшін, көмекке мұқтаж екендігімді түсіндім», – дейді Әсем бізге жарқын да сәнді «Алақайды» таныстыра жүріп.

Теңгенің девальвацияға ұшырауына байланысты қарызға алынған қаражаттар жетпей қалды. Сол уақытта ол Кәсіпкерлердің палатасының Астанадағы филиалына жүгінді.

«Біз Әсемге бүгінде шағын және орта бизнесті дамыту бойынша мемлекеттік қолдаудың қандай түрлері көрсетілетіндігін түсіндірдік. «Даму» қоры арқылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысуға қажетті құжаттардың толық пакетін дайындадық. Нәтижесінде кәсіпкердің әлеуметтік пакеті мақұлданып, ол бұрын алынған несиесін субсидиялау мүмкіндігіне ие болды», – деп атап көрсетті Кәсіпкерлер палатасының кеңесшісі Гүлбану Ибраимова.

Осындай іс-шаралардың арқасында елордада 350 балаға арналған жаңа заманауи оқу орталығы есігін айқара ашты. Орталық өте қолайлы жерде орналасқан, ол үшін мұқият түрде мониторинг жүргізіліп, соның нәтижесінде дәл осы ауданда осы тәрізді оқу орындарының жоқ екендігі анықталған.

«Алақайда» 2 жастан 7 жасқа дейінгі балалар үшін қызметтің 36 түрі көрсетілетін болады. Ең кішкентай балақайлар үшін балалар клубы, ересектеу балалар үшін – дамыту курстары, ҰБТ-ға дайындық, хореография, сурет өнері, қазақ және ағылшын тілдері курстары қарастырылған.

Жоба авторлары ата-аналарды да назардан қалыс қалдырмады. Мәселен, аналар үшін мұнда кешкілік уақытта би сабақтары ашылған.

«Бұл өте қолайлы. Балалардың сабақтары аяқталғанша, аналардың да өзіне көңіл бөлуге мүмкіндігі бар»,– дейді Әсем. Мен бұл жерде барлығын өзімнің өмір тәжірибеме қарай жасадым. Бала күтушісін жалдауға артық қаражаты жоқ жас отбасы жай ғана киноға барғысы келетін жағдайды елестетіп көріңізші. Мұндай жағдайда олар қайтпек? Біз осындай жағдайларды да ескеріп, сағат бойынша күту қызметін де көрсетеміз. Бағасы да тиімді. Балаңызды бізге екі сағатқа тастап кетсеңіз болады, балаңыз қауіпсіз жерде қалады, орталық күзет және бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, ал сіз бұл уақытта қажетті тірліктеріңізді тындыра аласыз».

Орталықта 40-тан астам мұғалім мен тәрбиеші жұмыс істейді, Әсемнің айтуынша, әрбір топта 10 баладан ғана болып, олардың әрқайсысы жеке бақылауда болады. Орталықтағы барлық оқу құралдары – ең үздік дүниежүзілік тәжірибелерді ескере отырып, «Алақай» мұғалімдерімен жасалған авторлық құралдар. Баға саясаты да толығымен қолжетімді. Ал мүмкіндігі шектеулі балалар үшін бес тегін орын бөлінген.

«Менің бизнеспен айналысқаныма шамамен сегіз жыл болды және мен Кәсіпкерлер палатасында сауатты мамандардың жұмыс істейтіндігін атап өткім келеді. Маған өте үлкен құқықтық көмек көрсетілді, орталық үшін сайт жасалды. Барлығы тегін! Баршаңызға Қазақстанда бизнесті дамыту үшін, барлық жағдайдың жасалғандығын айтқым келеді. Қорқудың қажеті жоқ! Армандарыңызды іске асырыңыздар. Ең бастысы ниет, денсаулық және отбасыңыздың қолдауы болса болды»,– дейді Әсем Қалиева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер