«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Екі жақты байланыс нәтиже берді

2016 жылғы 29 Ақпан
- Астана қаласы
8918 просмотров

Сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірлесе қолға алған жұмыстар бизнестің пайдасына шешілуде

Бүгін Астанада өткен брифингте астаналық кәсіпкерлер палатасы мен қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы бірлесе атқарған жұмыс қорытындыларын таныстырды. Кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер жөніндегі директорының орынбасары Бауыржан Бейсеновтың мәлімдеуінше, 2015 жылдың қорытындысы бойынша Астана қ. Кәсіпкерлер палатасына 349 арыз түскен, оның 30%-дан астамы Сәулет және қала құрылысы басқармасының құзыретіне қатысты болған.

Олардың барлығы жұмыс тобының отырыстарында қаралды.

«Жұмыс тобы 2015 жылы Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен және әкімдіктің қолдауымен астаналық кәсіпкерлердің жер телімдерін алу, жобалық-сметалық құжаттамаларға келісім алу, сыртқы (визуалды) жарнама орналастыру тәртібі және басқарма құзыретіне кіретін тағы басқа мәселелерді тиімді әрі жедел шешу мақсатында құрылған. Жұмыс тобы құрылғаннан бері өткен 34 отырыс барысында кәсіпкерлікке қатысты 150-ден астам проблема қаралған. Олардың көбі бизнестің пайдасына шешілген», – деді Бауыржан Бейсенов.

Шешімін тапқандардың ішінен ол бірнеше мысал келтірді. Мәселен, «КӘМПИТ» ЖШС мен «Қазақстан Республикасының 15-жылдығы атындағы №1 кірпіш зауыты» бизнестерін ұлғайту мақсатында іргелес жатқан бос жер телімін өз ісіне пайдалану үшін ұзақ уақыт бойы рұқсат ала алмаған.

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының арқасында бұл мәселелер жұмыс тобы отырысында шешілген. Тараптар екіжақты ыңғайлы шешімдерге тоқтап, нәтижесінде бизнесмендердің жер телімдері кеңейтілген.

«Келіп түскен арыздардың барлығы қаралып, құжаттарды рәсімдеу кезінде елордадағы Кәсіпкерлер палатасының мамандары кәсіпкерлерге толық құқықтық қолдау көрсетеді», – деді  Бауыржан Бейсенов.

Ол сәулет және қалалық құрылысына қатысты бизнес мәселелері Сәулет және қала құрылысы басқармасымен сындарлы пікір алмасу өткізу арқылы өз шешімін тауып отырады деген ниетін білдірді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер